DataLife Engine > Жаңалықтар / Әулемет және тәрбие жұмыстары > «Айсәуле» бөбекжай-бақшасындағы «Робототехника» кабинеті

«Айсәуле» бөбекжай-бақшасындағы «Робототехника» кабинеті

            2019 жылдың қараша айының 29 күні «Айсәуле» бөбекжай-бақшасында «Робототехника» кабинеті ашылды. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Естаева Г.Е және Тараз қаласы бөбекжай-бақшаларының меңгерушілері ашылу салтанатына қатысты. 
Мақсаты: Бөбекжай-бақшасының білім беру процесіне бағдарламалау, заманауи құрастыру және робототехника дағдыларын ендіру. 
          Міндеттері: 
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың модельдеуге және техникалық құрастыруға қызығушылығын, балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ынталандыруды дамыту;
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың бастапқы бағдарламау дағдыларын қалыптастыру;
3. Балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру:пікірталасқа түсу, өзінің көзқарасын қорғау, ұжымда, командада, кіші топта (жұппен) жұмыс істеу біліктері.
Робототехника кабинетінің ашылуы: 
Меңгеруші: Мамбетова Н.У 2019 жылдың 16-17 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білімдік және жарыстық роботтық техника» курсы бойынша оқып, сертификатқа ие болды. 
Сертификат: «ROBOT MOUSE» санатындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында роботтық техника бойынша жарыстардың өңірлік төреші ретінде тиісті даярлықтан өткені және аттестатталғаны расталды.
Тәрбиеші: Абдиева Б.А 2019 жылы Қарағанды қаласында   «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білімдік және жарыстық роботтық техника» курсы бойынша оқып, сертификатқа ие болды. 
Kazdidac білім беру технологиялар орталығынан «Робототехника» кабинетіне қажетті құрал жабдықтары алынды. Робототехника Ересектер тобында вариатив бөлімі ретінде 2019-2020 оқу жылына енгізілді.















Вернуться назад