DataLife Engine > Жаңалықтар / Әулемет және тәрбие жұмыстары > Білім күні

Білім күні

Күздің бірінші күні-еліміздің барлық білім беру мекемелерінде Білім күніне арналған салтанатты жиындар өткізіледі. Білім күні - барлық балалар, педагогтар, ата-аналар үшін үлкен мереке.
2019-2020 оқу жылы атаулы оқиғаларға толы. 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы, ТМД-да – Кітап жылы деп жарияланды. Бүгінгі таңда Тараз қаласы білім бөліміне қарасты 60 мекемеде 73 671 оқушы білім алуда. Оның ішінде 9524 бала 1-сыныптың табалдырығын аттады.
Қаламыздағы мектептердің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсартылып, 10 мектепте робототехника, 4 мектепте ІТ кабинеттері ашылып, компьютерлер паркі жаңартылды.
2019 жылғы 1 қыркүйек білім күніне орай №21 орта мектепте алғашқы қоңырау салтанатты мерекесіне Тараз қаласының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Мубарак Қасымқызы Жинақбаева, ардагер-ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және мектеп оқушылары қатысты.
Биылғы оқу жылында №21 орта мектепте 1219 оқушы бар, оның ішінде 111-і бірінші рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Педагогтардың сапалық құрамы 68% -ды құрайды.








Вернуться назад