«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
2019-2020 оқу жылы қарсаңында 1 шілде - 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Акция жұмысы әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз етуге бағытталады.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы жанұялар балаларына оқу жылы басталуына дайындалуға көмектесу және балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келмей қалуынан сақтандыру.
Акцияны өткізуге байланысты білім бөлімі жанынан жұмысшы тобы құрылып, іс-шаралар жоспары әзірленді.
Барлық қала тұрғындарын акцияға белсенді атсалысуға шақырамыз.
Вернуться назад