DataLife Engine > Жаңалықтар > Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 861 (сегіз жүз алпыс бір) орынға конкурс жариялайды

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 861 (сегіз жүз алпыс бір) орынға конкурс жариялайды

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

 

          «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 861 (сегіз жүз алпыс бір) орынға конкурс жариялайды.

          Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №609 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ  жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары» талаптарына сәйкес  өткізіледі.

          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.

          Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
         Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

            2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

            3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына                1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана білім бөлімінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

      1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, жоғарыда аталған Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

      2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы құрылады.

Алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімін конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.

Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

          Комиссия мынадай:

1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;

2) жоғарыда аталған Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім білім бөлімінің интернет-ресурсында жарияланады.

           Конкурсқа ұсынылатын құжаттар Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, №190 мекен-жайда орналасқан «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мөрленген, жабық конвертте өткізілуі тиіс.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 2019 жылы 13 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Мөрленген, жабық конверттер Тараз қаласы, Қойгелді көшесі №190 мекен-жайда 2019 жылғы 14 мамыр күні сағат 10.00-де ашылады.

        Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны туралы шешім http://taraz-kalasy.bilimbolimi.kz/ сайтында жарияланады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8/7262/546223 телефоны арқылы алуға болады

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш нысаны

Мемлекеттік білім беру тапсырысын

                                                                              орналастыру   бойынша    комиссия    

                                                                                                                          төрағасына

 

Өтініш

Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне

 

/мектепке дейінгі ұйымның атауы/

қосуды өтінемін

 

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы             _________________________

                                                                                (қолы,Т.А.Ж.)

Толтырылған күні      «   » ___________________   201  жыл

 

  М.О.                             

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                        

Міндеттеме нысаны

Қалалық білім бөлімінің

 басшысына

______________________

/басшының аты-жөні/

 

Жеткізушінің міндеттемесі

Жарлық негізінде қызмет атқаратын   ___________________________

                                        /мектепке дейінгі  ұйымның атауы/

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ата-ананың ақы төлеу мөлшерінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтуге ата-ана төлемінің көлемін  белгілеу тек (қалалық) білім бөлімінің (басқармасының) жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға

 

/мектепке дейінгі ұйымның атауы/

кепілдік етеді.

 

 Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________

 Толтырылған күні        «   »  ________________    ______    жыл

 М.О.

 

 




Вернуться назад