DataLife Engine > Жаңалықтар > Білім бөлімінің басшысы М.Жинақбаева өткізген қоғамдық қабылдау барысында азаматтар тарапынан айтылған сұрақтар

Білім бөлімінің басшысы М.Жинақбаева өткізген қоғамдық қабылдау барысында азаматтар тарапынан айтылған сұрақтар

 

 

  1. №7 мектеп-гимназияның ата-анасы.

1.№7 мектеп-гимназия ғимаратында  іс-шараларды өткізетін мәжіліс залы жоқ. Бұл мәселе бірнеше жыл бойы көтеріліп келеді. Сондықтан №7 мектеп-гимназия жанынан мәжіліс залын салудың жолдары бар ма? Мәселе шешімін табады ма?

2.№7 мектеп-гимназия ауласында қауіпті жағдайдағы, кесуді қажет ететін ағаштар бар. Бұл балалардың өміріне қауіп тудырады ма деп қорқамыз. Сондықтан осы талдарды кесуге ықпал етулеріңізді сұранамын.

  1. №7 мектеп-гимназия ғимаратының 3-корпусында (асхана, математика кабинеті орналасқан) шатырдан су тамшылайды. Осының салдарынан қабырғалар дымқыл болып, ыңғайсыздық тудырады. Жөндеу, шатыр ауыстыру мүмкіндігі болады ма?

 

  1. Қала тұрғыны
  2. Денсаулығыма байланысты білім мекемелерінің біреуінен жеңіл жұмыс тауып беруіңізді сұранамын.

 

  1. №21 орта мектептің ата-анасы

№21 орта мектеп маңындағы көшелерді асфальттеу мәселесі қашан шешіледі. Нақтырақ айтсам, Прибалхашская көшесінің лай болуына байланысты балаларымыз үйге лай болып келеді.

 

  1. №41 гимназияның ата-анасы
  2. Гимназияда құрылған қамқоршылық кеңесінің қорына қаражат қалай салынады. Ата-аналар жеке-жеке өздері жіберуі тиіс пе, әлде ата-аналар комитеті арқылы іске асыруға болады ма?
  3. 8 сыныпта білім алатын қызым СОР, СОЧ тапсыру барысында қиналады. Сондықтан оқушымен жеке қосымша жұмыстар жүргізудің мүмкіндігі болады ма

 

 

 

 

 




Вернуться назад