"Білім беру ұйымдарында құрылған Қамқоршылық кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру туралы" семинар-кеңес
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылғы 21 ақпанда 30 мектеп-гимназия базасында "Білім беру ұйымдарында құрылған Қамқоршылық кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру туралы" семинар-кеңес өткізілді.
Кеңеске "Жамбыл - адалдық алаңы" кеңесініғ басшысы Қайрат Меңлисов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бөлім басшысы Арын Маржан, білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп, балабақша басшылары мен Қамқоршылық кеңес төрағалары қатысты.
Қамқоршылық кеңеске ашылған білім бөлімінен орталықтандырылған есеп шотына кез-келген азамат, қала тұрғыны, ата-ана екінші деңгейлі банктер арқылы қаражат түсімдерін жолдай алады. Қаражаттың реквизитінде қаражат салушы мектеп нөмірін көрсетуі керек.
Вернуться назад