DataLife Engine > Жаңалықтар > Хабарлама! Қамқоршылық кеңес құрамына шақыру

Хабарлама! Қамқоршылық кеңес құрамына шақыру

Хабарлама

          «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №40 гимназия»  коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау, 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

       Қамқоршылық кеңес - «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №40 гимназия» КММ-нің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

          Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.

           Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің  ұсыныстарын күтеміз.

           Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.

  

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8(7262) 541055

Электрондық почта: gor_mk@mail.ru




Вернуться назад