ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ
Санаулы күндерден соң мектептерде оқушылар үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды.
Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.
Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апады.
Балаңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
- Қоршау белгісінен әрі жүзуге!
- Тыйым салынған орындарда суға түсуге!
- Балаларды қараусыз қалдыруға!
- Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!
- Суда ойнауға!
- Жалған айқай, қатер белгісін беруге!
- Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге!
- Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!
- Тамақ ішкен бойда суға түсуге!
- Таныс емес жерге сүңгуге!
- Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!
- Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!
ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
- Суға абайлап түс.
- Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.
- Жалғыз шомылмауға тырыс.
- Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
- Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
- Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Вернуться назад