«Информатика сабақтарында 5-7 сынып оқушыларын ойын технология элементтерін қолдану арқылы логика негіздеріне үйрету» тақырыбында қалалық семинар
2018 жылдың 14 желтоқсан күні №39 мектеп-гимназия базасында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Жоламанова Сайра Төребайқызының ұйымдастыруымен «Информатика сабақтарында 5-7 сынып оқушыларын ойын технология элементтерін қолдану арқылы логика негіздеріне үйрету» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинарды өткізудегі мақсат - Білім беру ұйымдарында информатика пәнін оқыту кезінде оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытуда АТ-ның мүмкіншіліктерін пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру болатын. Аталған семинарға білім бөліміне қарасты 34 білім мекемесінен информатика пәні мұғалімдері қатыстырылды. Семинарда әдіскер мен 5 педагог өздерінің мазмұнды әрі тиімді іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсам:
- Жоламанова Сайра Төребайқызы – Қ.Б.Б-ң информатика пәні әдіскері
Баяндама: «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу мен оқытуда ойын элементтерін қолдану арқылы жаңа тәсілдерді еңгізу»
- Умирбекова Арайлым Рахымовна, Дуйсеналиева Гульжанат Кенесбайқызы, Писпекбаева Гульмайра Шариповна - №39 мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімдері
Шеберлік сынып: «Информатика сабақтарында 5-7 сынып оқушыларын ойын технология элементтерін қолдану арқылы логика негіздеріне үйрету»
Іс-тәжірибе алмасу, тарату: «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – жаңа заман талабы»
- Ефименко Елена Николаевна - №18 ОМ информатика пәні мұғалімі.
Мастер-класс: «Обучение основам логики учащихся 5-7 классов с использованием элементов игровых технологий»
(аталған төрт мұғалім осы оқу - әдістемелік құралды таныстыра отырып, ондағы есептердің бірнешеуінің шығарылу жолдарын көрсете отырып, түсіндіріп өтті және оқу-әдістемелік құралдың тұсауы кесілді. Семинар соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалып, педагогтардың семинар туралы пікірлері тыңдалып, ұсыныстары айтылды. Семинардан қысқаша көрініс төменде көрсетілді.
Вернуться назад