DataLife Engine > Әулемет және тәрбие жұмыстары > «Нәтижеге бағытталған білім беру арқылы - білім сапасын арттыру»

«Нәтижеге бағытталған білім беру арқылы - білім сапасын арттыру»

2018 жылдың 13 желтоқсан күні №15 мектеп-гимназия базасында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Алиева Бахыт Белгібайқызының ұйымдастыруымен  «Нәтижеге бағытталған білім беру арқылы - білім сапасын арттыру» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинарды өткізудегі мақсат – білім беру үрдісінде нәтижеге бағытталған әдіс-тәсілдер қолдану мақсатында тәжірибе алмасу болатын. Аталған семинарға 2018 жылдың І тоқсандағы білім сапасының қорытындысы бойынша төмен білім сапасын көрсеткен 33 білім мекемесінің математика  пәні мұғалімдері қатыстырылды.  Жалпы семинарға 31 мұғалім қатысып, семинарда  әдіскер мен 4 педагог өздерінің мазмұнды әрі тиімді іс-тәжірибелерімен  бөлісті. Атап айтар болсам:

  1. Алиева Бахыт Белгибайқызы – Қ.Б.Б-ң әдіскері

Презентация: «Мектептегі білім сапасын көтеруге заманауи көзқарас»

  1. Атамбаева Гаухар Алғабасқызы - №45 Б.Момышұлы ат. классикалық гимназияның математика пәні мұғалімі

Шеберлік сынып: «Сабақты зерттеу – білім сапасын арттырудың кепілі»

  1. Абиева Айнаш Мұратқызы - №39 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі

Ашық сабақ: «Квадрат теңдеулерді шешу»  8 сынып

  1. Абдиразақова Гүлжанат Болатбекқызы - №12 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі

Ашық сабақ: «Теңбүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері» 7 сынып

  1. Нарынбекова Тұрсынхан Аусханқызы - №15 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі;

Панорамалық сабақ: «Жақшаларды ашу. Коэфициент. Ұқсас қосылғыштар» 6 сынып

Семинар соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалып, педагогтардың семинар туралы пікірлері тыңдалып, ұсыныстары айтылды.  Семинардан қысқаша көрініс төменде көрсетілді.

 

 

 

 




Вернуться назад