«Ынтымақтастық және бірлескен жұмыс-заман талабы»
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін орта білім беру мекемелеріне енгізу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылғы 12 желтоқсан күні Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияда «Ынтымақтастық және бірлескен жұмыс-заман талабы» тақырыбында семинар-практикум болып өтті. Семинар барысында мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлы «Ынтымақтастық және бірлескен жұмыс-заман талабы» тақырыбындағы баяндама оқып, мектептің НЗМ іс-тәжірибесін ендіру бағытындағы жұмыстарымен таныстырып өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде биология пәнінің мұғалімі Оспанова Роза биология пәнінен 8 «Ә» сыныбымен «Blood cells» тақырыбында ағылшын тілінде сабақ көрсетсе, Жунисова Кымбат қазақ тілі пәнінен «Тұрлаулы мүшелер», Шалдыбаева Гүлзейнеп қазақ әдебиеті пәнінен «Ш.Құдайбердіұлы. Еңлік-Кебек дастаны» тақырыбында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақтарын өтті.
Ата-аналармен бірлескен жұмыс нәтижесі ретінде Аманжолова З., Альтаева Ш., Сыпатаева Н. ата-аналардың өткізген тәрбие сағаттары өте жақсы көрсетілді. Мектеп тренерлері Манасова Кенже, Шартықбаева Гаухар, Тажикова Бақыт пен Ойтаева Майраның қатысушылармен өткізген коучингтері тиімді болды.
Семинар жұмысы кері байланыс пен рефлексия жасау арқылы сәтті қорытындыланды. Семинар жұмысына жетекші мектепке бекітілген серіктес мектеп директорының орынбасарлары, мектеп координаторлары, пән мұғалімдері, барлығы 45 педагог қамтылды.
Вернуться назад