«Жаңартылған білім беру міндеттерін шешуге бағытталған оқытудың технологиялары мен тәсілдерін қолдану»
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11 желтоқсанында Қаратай Тұрысов атындағы №53 орта мектеп-гимназиясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында «Жаңартылған білім беру міндеттерін шешуге бағытталған оқытудың технологиялары мен тәсілдерін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда мектеп-гимназия директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызы мектеп-гимназияның іс-тәжірибесімен бөлісу бойынша презентация жасады. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Ю.Ертуганова «Жаңартылған білім беру міндеттерін шешуге бағытталған оқытудың технологиялары мен тәсілдерін қолдану», талдау болжамдау орталығының меңгерушісі Н.А.Кенжекулов «Критериалды бағалау –сапалы оқытудың кепілі» тақырыбында баяндамаларын жасап, мектеп –гимназияда НЗМ іс-тәжірибесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде ілгері және негізгі деңгей бітірген мұғалімдер Тәттібекова А.М, Нұрмаханова С.Б «Мақсат қойып, оны талдай білу мұғалім табыстылығының негізі», Сейтбекова М.И, Амреева К.Ж. «LS-іс-әрекеттегі зерттеудің тиімді жолы» тақырыптарында коучингтер өткізді.
Сондай-ақ жоғары санатты математика пәні мұғалімі Мамралиева Г.А., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Усерова Н.А., бастауыш сынып мұғалімі Ермағанбетова Р.А., физика пәнінің мұғалімі Қандашбек Ш.Ә ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Семинарға қала мектептерінен 130-ға жуық бастауыш сынып, қазақ тілі, физика, математика пәні мұғалімдері қатыстырылды. Семинар соңында кері байланыс жасалып, қорытындысы шығарылды.
Вернуться назад