«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті білім беру шеңберінде әлеуметтендіру»
Мектепке дейінгі бөлімнің жоспарына сәйкес әдіскер Естаева Гулфайруз Есенкуловнаның ұйымдастыруымен 2018 жылдың 15 қарашасы күні №8 бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі білім мекемелерінің логопед мамандарына арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті білім беру шеңберінде әлеуметтендіру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға білім мекемесіне қарасты бөбекжай-бақшалардың логопед мамандары қамтылып, барлығы 54 маман қатысты.
Мақсаты – мектепке дейінгі ұйым логопедтерінің назарын инклюзивті білім беру мәселелеріне аудару
Міндеттері:
- Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көңіл бөлу үшін жағдай жасау.
- МДҰ-да инклюзивті білім беру мәселелерінің шешу жолын іздестіруге қызығушылықтарын арттырып, зейіндерін аудару.
- Инновациялық-денсаулық сақтау технологгияларын қолдана отырып, тіл кемістігін түзету дағдыларын меңгеру.
Вернуться назад