DataLife Engine > Әулемет және тәрбие жұмыстары > Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру

Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру

     Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі болып отыр.

     Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері К.С.Амирбекованың ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі және бастауыш жалпы білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды даярлық сынып педагогтарының тамыз конференциясының секциялық отырысы өткізілді. Жалпы 60 мектептен 65 педагог қатысты. Шығармашылық топтың мүшелері іс-тәжірибесімен бөлісіп, мектепке дейінгі мекеме және бастауыш сыныптардың сабақтастығын қамтамасыз ету жолдарын таныстырды.

 

 

 

 




Вернуться назад