«Кітап–алтын қазына» атты тақырыптық кітап көрмесі
«Кітап–алтын қазына» атты тақырыптық кітап көрмесі
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан- мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы жобасын іске асыру бойынша мектептерде «Кітап–алтын қазына» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл көрменің мақсаты мектеп оқушыларын кітап оқуға тарту, кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру, кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты ұстауға үйрете отырып, кітап және оның адам өміріндегі маңызын, білімнің кітап арқылы келетінін ұғындыру.
Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік – деп жазушы Ғ.Мүсірепов айтпақшы кітапты дұрыс оқу мәдениетіне, пайдалануға және өздігінен кітап таңдай білуге үйрету болып табылады.
Вернуться назад