№19,20 МЕКТЕПТЕР
Department of Educationнің 2019 жылғы бұйрығына сәйкес 24 қаңтар күні №№20,19 орта мектептерде әдістемелік десант жұмысы ұйымдастырылды. Әдістемелік десант жұмысына білім бөлімінің әдіскерлері мен озат тәжірибелі педагогтардан құрылған топ қатысты.
Әдістемелік десанттың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану, критериалды бағалау жүйесінің жүргізілуіне бағыт-бағдар беру, көмек көрсету.
Әдістемелік десант барысында пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, өткізілген сабақтар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Презентация, шебер-сынып түрінде әдістемелік көмектер көрсетіліп, кәсіби сұхбат жүргізілді, ашық сұрақтарға жауаптар берілді. Нәтижесінде кері байланыс алынып, пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.
Әдістемелік десант барысында топ мүшелері сабақ кестесіне сәйкес №20 орта мектепте 34 сабаққа қатысты. Қатысқан сабақтар бойынша сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, сындарлы ой-пікірлер айтылды, сабақтар бірлестіктерде талданды. Келесі бөлімде пән бірлестіктері, Күнделік жүйесінің жұмысы бойынша 16 презентация мен шебер сыныптар, 12 сабақ көрсетіліп, барлығы 53 пән мұғалімі мен әкімшілік мүшелері қамтылды.
schedule of lessonsне сәйкес №19 орта мектепте 36 сабаққа қатысты. Қатысқан сабақтар бойынша сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, сындарлы ой-пікірлер айтылды, сабақтар бірлестіктерде талданды. Келесі бөлімде пән бірлестіктері бойынша 21 презентация мен шебер сыныптар, 14 сабақ көрсетіліп, барлығы 68 педагог қамтылды.
Жалпы 2 мектепте 27 сабақ, 37 шебер-сынып пен презентация өткізіліп, 121 педагог қамтылды.
Аталған мектептерде кері байланыс алынып, кәсіби сұхбат өткізілді.
Вернуться назад