DataLife Engine > Әдістемелік десант > №34 МЕКТЕП

№34 МЕКТЕП

                 Department of Educationнің 2019 жылғы 1 ақпан күні №№34 мектепте әдістемелік десант жұмысы ұйымдастырылды. Әдістемелік десант жұмысына білім бөлімінің әдіскерлері мен озат тәжірибелі педагогтардан құрылған топ қатысты.

Әдістемелік десанттың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану, критериалды бағалау жүйесінің жүргізілуіне бағыт-бағдар беру, көмек көрсету.

                Әдістемелік десант барысында пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, өткізілген сабақтар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Презентация, шебер-сынып түрінде әдістемелік көмектер көрсетіліп, кәсіби сұхбат жүргізілді, ашық сұрақтарға жауаптар берілді. Нәтижесінде кері байланыс алынып, пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.

               Әдістемелік десант барысында топ мүшелері сабақ кестесіне сәйкес №34 орта мектепте 18  сабаққа қатысты. Қатысқан сабақтар бойынша сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, сындарлы ой-пікірлер айтылды, сабақтар бірлестіктерде талданды. Келесі бөлімде пән бірлестіктері, Күнделік жүйесінің жұмысы бойынша 13 презентация мен шебер сыныптар, 8 сабақ көрсетіліп, барлығы 65 пән мұғалімі мен әкімшілік мүшелері қамтылды.




Вернуться назад