DataLife Engine > Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында > "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кеңесінің жиналысының

ХАТТАМАСЫ №3

 

Тараз қаласы                                                                                   «17» қыркүйек 2018 жыл

 

Қатысқандар-10;

қамқоршылық кеңес мүшелері-7;

Абумаликов Е.К.-мектеп директоры;

Ботамқұлова А.Б.-директор орынбасары;

Өмірбек.Ә-кеңес хатшысы.

 

КҮН  ТӘРТІБІНДЕ

 

1.Мектеп директорының атқарған жұмыстары  бойынша есебі.

                                                                                                                      Абумаликов Е.К.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Абумаликов Е.К. сөз алды. Ол өз сөзінде қамқоршылық  кеңес мүшелерін 2017-2018 оқу   жылының қорытындысымен  таныстырды. Атап айтқанда, білім сапасы мен оқу үлгерімінің қорытындысы бойынша жалпы мәлімет берілді. № 36 орта мектебінде  жаңа оқу жылында 1011 оқушы болды. 1-4-сыныптар аралығында 495, 5-9 сыныптар аралығында 440, 10-11 сыныптар аралығында  76 оқушы бар. 8 бала үйде оқытылады, оның ішінде бастауыш сыныптарда - 2 оқушы,  5-11 сыныптар    аралығында - 6 оқушы.  Жалпы  мектеп бойынша білім сапасы -  37,1%. Жылдың соңымен салыстырғанда білім сапасы – 2,7 өсіп отыр. 

ҰБТ қорытындысы бойынша мәлімет келтірілді. Өткен оқу жылында мектеп түлектері ҰБТ бойынша жоғары көрсеткішке ие болды. Орташа балл саны- 82,3. 2018 жылы бітірген мектеп түлектерінің бәрі жоғары оқу орындарының білімгері атанды. Өзіндік білімін дамыту мақсатында мектеп мұғалімдері жыл сайын біліктілігін  арттыру курстарынан өтеді. Сонымен қатар, физика, химия, информатика, биология пәндері 8 сыныптарда ағылшын тілінде өтетінін атап өтті. Мектеп ұжымы жыл сайын халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, әрдайым жүлделі орындар иеленуде. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі үйірме жұмысы болып табылады. Мектеп және мектептен тыс үйірмеге қатысатын оқушылар саны артуда. Атқарылған іс-шаралар бойынша толық есеп берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен,  аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру туралы таныстырылды.

Тыңдалды:                                                    

Кеңес шешімі:

  1. Мектеп директорының атқарған жұмыстары туралы берілген есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.

 

Мектеп директоры                                                                                                 Е.Абумаликов                

 

Хатшы:                                                                                                              Ә.Өмірбек

 

 

 

 




Вернуться назад