DataLife Engine > Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында > "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №38 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №38 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кенесінің

ХАТТАМАСЫ

Тараз қаласы                                                                                                                          31.08.2018ж.

Өткізілген орны-№38  орта  мектебі  АКТ залы

Қатысқандар:

  1. Мектеп директоры М.С Бисенгалиева
  2. ДҚІЖО Ғ.Сертекова
  3. ДОТІЖО Ф.Т Қалтаева
  4. ДОТІЖО Ш.Н Бекбаева
  5. ДТІЖО А.Қ Жұмабекова
  6. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

                                                            Күн тәртібінде:

  1. №38 орта мектеп директорың есебі.

Тыңдалды:

 Мектепте Қамқоршылық, кеңесі құрылған, іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша 2017-2018 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды.

 Мектеп директоры  М.С.Бисенгалиеваның  2017-2018 оқу жылындағы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. 2017 жылдың сәуір айынан бастап 441 миллион қаражат бөлініп мектеп  күрделі жөндеуден өтгенін айтып. Мектепте балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау , күнделікте өмірде балаларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу , жалпымәдени деңгейін көтеру мақсатында құрылған «Эрудит» интеллектуалды клубына психологиялық зерттеу негізінде анықталған және педагогтар ұсынған дарынды және талантты балалар қабылданғанын және сол жұмыстың нәтижесінде оқушыларының биіктен көрінгенін айтып, 2017-2018 оқу жылында оқушылар,мұғалімдер Халықаралық, Республикалық олимпиадаларға қатысып, нәтижесінде жүлделі орындарға иеленгенін айтып өтті.

  Мектеп директоры өз сөзінде 2017-2018 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің құрамында 9 адам жұмыс жасағандығы жөнінде, мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен тығыз байланыста болғандығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған және жайсыз отбасынан шыққан оқушыларға, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауда өз көмектерін көрсеткендігі туралы да тоқталып өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік іс-шараларға кеңестің қосатын үлесі зор . Оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын да қамтамасыз етіп отырғандығы жөнінде айтты.

  Жаңа  2018-2019 оқу жылына  мақсат-міндеттерін қойып, жоспарларын айқындап, қамқоршылық кеңес төрайымына, кеңес мүшелеріне  ынтымақтастыққа жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді.




Вернуться назад