DataLife Engine > Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында > "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ХАТТАМА №1

    Қамқоршылық кеңес отырысы

 (хаттама көшірмесі)

Тараз қаласы                                                                                    25.10.2018 ж                                                                                

Басталуы: 13.00

Ата – аналар комитетінің төрағасы: Халықтаева Г.

Хатшы: Қалдыбекова А.

Қатысқандар: ата – аналар, №1 округтың бас инспекторы Н.С.Баймұратов

 

                                        КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында мектеп – гимназия директорының есеп беруі
  2. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қызметтерін бөлу
  3. Атқарылатын жұмыс жоспарын құру

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп – гимназиясының  директоры Э.С.Қойлыбаева қамқоршылық кеңесінің алдында  2017-2018 оқу жылында атқарған жұмыстарына есеп берді. Есеп барысында мектептің материалдық базасы, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктеріне тоқталды.  Мектеп – гимназиясы бойынша аз қамсыздандырылған отбасындағы білім алушылардың саны - 232. Оның ішінде толыққанды жанұя саны – 850, толық емес жанұя – 250, жалғыз басты ана – 260, қамқоршылық көмегінде жүрген – 7, үйде оқылатын –15, инклюзивті оқыту бойынша–10, көпбалалы отбасында – 475 бала бар екендігін баяндады.

Сөйледі:   

Сөз кезегін ата – аналар комитетінің төрағасы Г.Халықтаева алып:

     Сіздерге 7 күн бұрын хабарлама жіберіп жиналыс жасап отырмыз.Бұл қамқоршылық кеңестің бірінші жиналысы болғандықтан сіздерге айтайын дегенім жиналыс болардың алдын ала 7 күн бұрын жиналыс болатындығын айтып хабарлама жіберіп отырамыз , егерде жиналысқа қатыса алмайтындай жағдай болатын болса 5 күн бұрын хабарлама жіберіңіздер.Қамқоршылық кеңестің жұмысын бастамас бұрын қамқоршылық кеңесінің қызметтерін бөлуіміз қажет. Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен есепшісін орталарыңыздан сайлап алу керек. Қамқоршылық  кеңестерінің  мақсаттары: жарғыны жүзеге асыруға, материалдық  - техникалық базасын күшейтуге жәрдемдесу,балалардың  құқықтарының сақталуына, шотқа келіп түскен қайрымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу.Сондықтан ортамыздан қамқоршылық кеңесінің төрағасын, есепші, балалардың  құқықтарының сақталуын қадағалаушы, қоғамдық бақылаушы,хатшы сайлап алуымыз қажет.

      Сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ө. Шонмырзаев алып, қамқоршылық кеңес мүшелері қызметтерін бөлу туралы ой тастады.

Қамқоршылық кеңесінің шешімімен бірауыздан қамқоршылық кеңесі төрағасына А.Д.Аманбаевты , есепшіге  А.С.Оразбаеваны, қоғамдық бақылаушыға «Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» басшысынң орынбасары Н.С.Баймұратовты, бала  құқығын  қорғаушыға   ұсынып , бір дауыстан қолдады. Ұйымдастырушы педагог А.Б.Қалдыбекова хатшы болып сайланды.

Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Д.Аманбаев сөйледі:

     Бәріміз біріге отырып 2018-2019 жылға жұмыс жоспарын жасап алғанымыз дұрыс болар , әр квартал сайын атқарған жұмыстарымызға есеп беріп отырамыз.Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 жылға арналған жұмыс жоспарына қамқорлықтағы және материалдық  көмекке мұқтаж балаларды анықтау, оқушылардың сабаққа қатысуын және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына , мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруға көмектесу, «Мектепке жол», «Қайырымдылық» акцияларды ұйымдастыру мақсатында жеке кәсіпкерлер мен ата – аналармен байланыс орнату «Мектепке жол», «Қайырымдылық» акцияларды ұйымдастыру мақсатында жеке кәсіпкерлер мен ата – аналармен байланыс орнату, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылардың тегін оқулықпен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалау, белсенді ата – аналар мен сынып жетекшілеріне кеңес өткізу, мерекелік іс – шараларын ұйымдастыруға, дарынды оқушыларға қолдау көрсету.

 

Шешім: 

  1. Қамқоршылық кеңесі төрағасы А.Д.Аманбаев , есепші А.С.Оразбаева, қоғамдық бақылаушы Н.С.Баймұратов, бала құқықығын  қорғаушы  О.Е.Сенбекұлы , хатшы ұйымдастырушы педагог А.Б.Қалдыбекова тағайындалсын.
  2. Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жоспары жасалынсын.
  3. Қамқоршылық кеңесі 2018-2019 оқу жылының 10 қараша күні мектеп жарғысын талқылау үшін жиналыс өтілсін.

 

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                  Аманбаев А.Д.

 

Хатшы                                                                    Қалдыбекова А.Б.

 

Мектеп – гимназия директоры                          Қойлыбаева Э.С.

 

 

 




Вернуться назад