DataLife Engine > Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында > М.Әуезов атындағы № 33 орта мектете 2017-2018 оқу жылының 1-жарты жылдығында атқарылған оқу –тәрбие жұмысының есебі»

М.Әуезов атындағы № 33 орта мектете 2017-2018 оқу жылының 1-жарты жылдығында атқарылған оқу –тәрбие жұмысының есебі»

2017-2018 оқу жылында ата-аналар қауымдастығы  алдындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

Өткізілген күні: 13.01. 2018 жыл.   

Өтетін орны: № 33 орта мектеп                                                

ҚАТЫСҚАНДАР:  Мектеп әкімшілігі-7

Жалпы мектепішілік  ата –аналар комитетінің төрайымы-1.

Ата-аналар -255

Мектеп мұғалімдері:  30. 

Баяндама жасады:  

1.  М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебінің  2017-2018 оқу жылының І-жарты жылдығында атқарылған оқу –тәрбие жұмысының есебі»

 (Баяндамашы мектеп директоры Н.О. Караулова)

2.  «Жалпымектептік ата-аналар комитетінің 2017-2018 оқу жылының І- жарты жылдығында  атқарылған жұмысының есебі » (Баяндамашы Сарбалина Л.С., ата-аналар комитетінің төрайымы)

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері: Ата-аналар мектептің оқу тәрбие жұмысына «жақсы» деген баға беріп, мектеп ұжымына әрдайым қолдау көрсететіндерін айтып өтті.

 

 

Қоғамдық тыңдау төрағасы:                                                                                                                                                         Н.О. Караулова

Қоғамдық тыңдаулар хатшысы:                                                                                                                                                    Маликова А.Д.

 

 

М.Әуезов атындағы № 33 орта мектете 2017-2018 оқу жылының 1-жарты жылдығында атқарылған оқу –тәрбие жұмысының есебі»

  (Баяндамашы Н.О. Караулова мектеп директоры)

 

    2017-2018  оқу  жылының жарты жылдығында  атқарылған жұмыстардың    есебімен  таныстырды.  

        Биылғы жаңа 2017- 2018 оқу жылында «Балалар мен жасөспірімдерді оқуға қамту шараларын ұйымдастыру туралы» соның ішінде кәмелетке толмағандарды тегін жалпы орта білім алуға арналған конституциялық құқығын іске асыру мақсатында  биылғы оқу жылында мектебімізде 40 сынып    жалпы оқушылар саны  947, мектеп алды даярлық сыныбында 4 сынып жалпы бала саны 102 оқушы тіркеліп отыр. 10-11 сыныптар жаратылыстану математикалық бағытта оқытылуда. 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған бағдарламамен оқытылуда.

2017-2018 оқу жылында  І –жарты жылдықтың  оқушылар үлгерімі мен білім сапасы І тоқсанда 42,8 пайыз ІІ –тоқсанда  43,7 %  пайызды көрсетті. Сондай-ақ  оның ішінде былтырғы жылдың ҰБТ көрсеткіші 60,5 пайызды көрсетіп отыр. Білім саласы бойынша қалалық пәндік олимпиадаға 10 оқушы қатысып 6 оқушы 3-  орын иеленді. Қашықтық олимпиадалардан 12 оқушы қатыстып үш-1 орын, сегіз 2- орындарға ие болды. Халықаралық қашықтық олимпиадалардан 20 оқушы қатысып жүлделі орындарға ие болды. Қалалық   пән аралық конкурстардан 6 оқушы жүлделі 1,2,3 орындарға  ие болды.    Сондай-ақ биылғы мектеп бітіруші түлектердің қазақ сыныптарында 13 бала, орыс сыныптарында 3 бала ҰБТ қатысуға өтініш жазып отыр.

Мектептің әлеуметтік жұмысы жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясымен басталды. «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек  аралығында өткізілді. Қыркүйек айында сынып жетекшілер, мектептің әлеуметтік төлқұжатын жаңарту жұмыстарына кіріседі. Ең бірінші кезекте мектептегі барлық оқушылардың тізімі анықталып, барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынды. Биылғы жылы мектебімізде аз қамтылған жағдайы төмен отбасынан шыққан 1 – 11 сыныптар арасынан 192 білім алушы тіркелді. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне жалпы білім беру қорынан 2017 жылдың сәуір айында аз қамтылған отбасынан шыққан, тегін ыстық тамақпен қамтылған 192 балаға (105 ұл балаға және 87 қыз балаға) қыстық аяқ киім мен сырт киімге сұраныс берілген. Осы тізім бойынша қазан айында оқушыларға аяқ киім және сырт киім толық таратылып берілді. Ата-аналарынан қолхаттары алынды.

Сондай-ақ мектебімізде өздеріңізге мәлім №16 мобильдік том мүшелерімен, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ЖОНД мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып отырады.  Статистикалық мәліметке  жүгінсек мектебімізде 2017 жылдың қыркүйек айында қалалық ІІБ 1ПБ есебінде 3 оқушы, мектепішілік есепте 3 оқушы, ал қауіпті топ есебінде 1 оқушы тіркелген болатын. 2018 жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша мектебімізде қалалық ІІБ 1ПБ есебінде 1 оқушы яғни жыл басымен салыстырғанда 2 оқушыға кемеді, мектепішілік есеп 3 оқушыдан 10 оқушыға дейін өсті, өсу себебі құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының күшейтілгенімен байланысты, және қауіпті топта 1 оқушы есепке алынып жұмыс жүргізілуде.

Сондай –ақ мектебімізде оқушыларға тек білім ғана беріліп қоймай,  тәрбие бағытында   да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Рухани –адамгершілік отбасылық  тәрбиені насихаттау бойынша мектебімізде бірқатар іс-шаралар атқарылды.  Лекторлық  топ өкілдерінің қатысуымен оқушылар арасында адамгершілік-жыныстық  тәрбие жөнінде   6-11 сыныптар аралығында  оқушы қыздар мен ұл балалары арасында сауалнамалар, дәрістер, тренинтер өткізіліп тұрады.   Мектебімізде «Қыз жібек» қыздар клубы, «Азамат» ұлдар клубы жұмыс атқарады. Ай сайын аталған клубтардың мүшелерімен жиындар, отырыстар өткізіліп түрлі тәрбиелік  тақырыпта әңгіме – сұхбаттар пікір-талас т.б. өткізіліп отырады.   Сондай-ақ  оқушылар бойынша   шығармашылық қабілетін ұштап, бойындағы дарынды шыңдау мақсатында биылғы  2017-2018 оқу жылында мектеп қабырғасында 17 үйірме жұмыс істейді

        Жас ерекшелігіне байланысты мектептегі үйірме сабақтарына қамтылған оқушылар саны – 470, сонымен бірге оқушылардың мектептен тыс үйірмелерге қатысуы туралы айтар болсақ мектебіміздің 178 оқушысы қалалық  үйірме орталықтарының 20 секциясына қатысады.

Қыркүйек айының басталуынан мектебімізде әр-түрлі тәрбие бағыттарына байланысты мерекелік іс-шаралар, акциялар, дөңгелек үстелдер, мәнерлеп оқулар, ән, би, қолөнер, спорттық жарыстарға оқушылар қатыстырылып, жүлделі орындарды иеленді.  Бейнелеу өнері бойынша облыстық конкурс «Золотая осень» үш- 1 орын үш -2 орын және Облыстық «Көне Тараз» конкурсы «Аспара» колледжінің ұйымдастыруымен екі -1 орын. Бір -1 орын.  Облыстық «А снег идет»  Центр «Истоки» бір -1 орын, екі 2-орын, үш 1 - орын Конкурс «Архитектура» бір -2 орын. Тараз қаласы «ЭКСПО-2017» көрмесінде  үш 1 орын. Екі-1 орын, үш -2 орын. Қалалық «Авиамоделирование» конкурсы бір -1 орын.  Осы жүлделі орын алған оқушылар екінші тоқсан аяғында мектеп оқушыларының алдында салтанатты марапатталды. Жалпы қорыта айтқанда бірінші жарты жылдық мектеп оқушылары үшін табысты болды.

Жалпы мектепішілік үйірмеге тартылған оқушылар саны: 470/49 пайызды құрайды.

Мектептен тыс үйірмелерге тартылған оқушылар саны: 178/19 пайызды құрайды.

 

Шешім  :

  1. Жоғарыда айтылған мәселелер назарға алынсын.
  2. Мектеп пен ата –ана арасындағы байланыс орнатылсын.
  3. Ата –аналар өз міндеттеріне мұқият қарап, кешкі 22.00 ден кейін балаларын ата –ананың қарауынсыз көшеге жіберілмесін.

 

Мектеп директоры:                              Караулова Н.О.

 




Вернуться назад