DataLife Engine > Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында > №36 мектеп директоры Е.Қ. Абумаликовтың ата-аналар мен тұрғындарға есеп беру жиналысының хаттамасы

№36 мектеп директоры Е.Қ. Абумаликовтың ата-аналар мен тұрғындарға есеп беру жиналысының хаттамасы

    Мектеп директоры Е.Қ. Абумаликовтың ата-аналар мен тұрғындарға есеп беру жиналысының  хаттамасы

 

Өткізілген күні:       24.01.18ж

Өтілген орны:         №36 орта мектеп,  мәжіліс зал

Уақыты: 1000

Қатысқандар ата-аналар мен тұрғындар саны: 202

  1. Спикер: мектеп директоры   Е.Қ. Абумаликов

Күн тәртібінде:

  1. І жартыжылдықтағы атқарылған іс-шаралар есебі.
  2. Әртүрлі мәселелер

              Мектеп директоры Абумаликов Е.Қ

Тыңдалды:

         Алғы сөзді мектеп директоры Е.Қ. Абумаликов алып,  Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасының 2018 жылғы 22 қаңтардағы №01-161 хатына  сәйкес өткізіліп отырған ата –аналар жиналысының күн тәртібімен таныстырып өтті.

         Мектеп директоры Абумаликов Е.Қ «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ  І жартыжылдығы бойынша яғни 2017 жылдың қыркүйек айынан 2018 жылдың қаңтар айы аралығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ жобалық сыйымдылығы -960 орын, мектеп ғимаратының пайдалануға берілген жылы -1967 жыл, жылу жүйесі –орталықтандырылған, оқыту тілі-қазақ тілі. Оқушылар контингенті 1017 бала, / 42 сынып/ МАД сыныбы-104 бала материалдық техникалық жағдайы: оқу кабинеттері-27, спорт зал-1, мәжіліс залы-1 /150 орын/ асхана-1/90 орын/ , компьютерлік сынып-2, компьютер техниканың саны-66+8/1 компьютерге 13,7 оқушыға келеді. Интерактивті тақта саны-6, жаңа модификацияланған кабинет-1/биология/, шеберхана-1.

Мектепте барлығы- 85 мұғалім, 4 мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешілері бар, педагогикалық мамандардың сапалық құрамы:

Жоғары білімі -80, пайызы 94,1%

Орта білімі-5, пайызы-5,8 %

Санаты бойынша

Жоғары -38, бірінші 16, екінші -14, санаты жоқ-17

Жалпы саны-85

Мектеп директоры Абумаликов Е.Қ мектептің материалдық базасы, мектеп ұжымының сапалық құрамы, мектеп оқушыларының үлгерімі бойынша есеп беріп өтті. Есептің барлығы слайдтық көрсетілімдермен  көрсетіліп отырылды. Сонымен қатар мектепте  «Ұлағат» тәрбие орталығының жұмысымен таныстырып, оқушылардың сабақтан тыс уақытты тиімді өткізіп отырғаны жайлы сөз етілді. Мектеп үйірме жетістіктеріне тоқтала отырып, мектептің мақтанышы- оқушыларымен таныстырып өтті. Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және оның алдын-алу мақсатында жұмыс жоспарының жүргізіліп жатқандығы жайлы баяндап өтті. Мектепте педагогикалық-психологиялық қызметтің жүргізілуі жайлы айтылды.

Талқылауға түскен сұрақтар: жаңартылған білім мазмұнын түсіндіру

Мектеп директоры Абумаликов Е.Қ :  2016-2017 оқу жылында Еліміздегі барлық мектептердегі 1 қыркүйектен бастап кезең-кезеңмен білім берудің жаңа жүйесіне көшіп, оқушылар білім алуда Елбасы Н.Назарбаевты еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отырғанын,   «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79,89 қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға араналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігінің жаңаша білім мазмұнына кезеңмен көшу жұмыстарының жүріп жатқандығын атап өтті. Жаңа білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін кезеңмен енгізілетіні таныстырылып өтті.  Жаңа оқу жылында 1- сыныпқа қабылданатын оқушыларға сабақ үш тілде өткізілмейді. Қазақ тіліндегі сыныпқа қабылданған оқушы қазақ тілінде, ал орыс тіліндегі сыныпқа қабылданған оқушы орыс тілдерде  білім алатын болатыны таныстырылды. Негізгі мектептерде 2019 жылдан бастап мектептің оқыту тіліне қарамастан Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілінде, дүниежүзі тарихы пәнін орыс тілінде оқыту туралы ұсыныстар бар екендігі сөз етілді. Бағдарламаға сәйкес, 2019жылдан бастап тек қана 10-11 сыныптардан төрт пән; физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде тілінде оқыту жоспарланып отырғаны сөз етілді,  жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс –шаралардың ұйымдастырылуы туралы сөз алды. Мектеп түлектері үшін ҰБТ жаңа форматы туралы  айтып өтті. Қорытынды аттестаттау  29 мамыр мен 9 маусым аралығында  өтілетіні және пән атауы мен емтихан формасы таныстырылды. Ана тілі және әдебиет –Эссе жазу (3 сағат), қазақ тілі –тестілеу (1 сағат 20 минут), алгебра және анализ бастамалары – жазбаша (5 сағат), қазақстан тарихы –ауызша, таңдау пәні – тестілеу (1 сағат 20 минут). Ұлттық Бірыңғай тестілеу (ЖОО –ға түсуге ниетті талапкерлер үшін) 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтіледі. 3 міндетті пән 2 бейіндік пән (таңдаған мамандығына байланысты)  тестілеу уақыты 3 сағат 30 минут. Жоғарғы балл: 140,  шекті деңгей: 50 балл екені айтылды,   «Баршаға тегін кәсіптік білім» Елбасының жолдауында 2017 жылдан бастап  «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа жобасын жүзеге асыру басталғанын таныстырып өтті. 5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау

Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Өзге санаттағы адамдарға:

  1. көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;

3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балалар;

7) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

8) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

9) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар жатады.

ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етілетіні айтылды.

Шешімі:

  1. Мектеп директоры Абумаликов Е.Қ «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ  І жартыжылдығы бойынша берілген есебі  «қанағаттанарлық» деп есептелсін.

 

 

 

Орынд: ДТІЖО Ботамкулова А. Б

Тел: 34-93-83

 

 

 

Мектеп директоры                         Абумаликов Е.Қ




Вернуться назад