DataLife Engine > Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында > "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №56 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №56 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №56 орта мектебі» КММ

 

Хаттама №1

 

Қамқоршылық кеңесінің 2017-2018 оқу жылындағы жұмыстары бойынша есебі

 

Өткізілген уақыты:                                                                         «19» қазан 2018ж

Қатысқандар:17

 

Күн тәртібінде:

 

  1. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері туралы
  2. «Мектепке жол акциясы» туралы
  3. Мектебіміздегі оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы

туралы

 

Тыңдалды: Е.Т.Бекеев – мектеп директоры:

 

   2017-2018 оқу жылының басында мектепке 630 оқушы қабылданып, оқу жылының барысында 45 оқушы кетіп, 24 оқушы келді. Оқу жылын 609 оқушы аяқтады. Соның ішінде 116 оқушы – «5» ке, 263 – «4» ке, 230 оқушы – «3» ке аяқтады.

Мектеп бойынша білім сапасы – 62,2 %, үлгерім – 100 % болды.

   2017-2018 оқу жылында мектепте 11-ші сыныпты 31 оқушы аяқтады. Мектеп бітірушілердің 19-ы ҰБТ-і (ұлттық бірыңғай тестілеуді) жаңа формат бойынша тапсырды. ҰБТ-ға қатысқан 19 оқушының 6-ы 100 баллдан жоғары жинады.Олар: Сержанов Е. – 129 балл, Айтуған Б. – 124, Есіркеп А. -116, Мейрамбек Қ. -113, Баймұратова Ә, Жорабек А. -110 балл алып, ұлттық біріңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдеді. Айтуған Б.-124 балл алып, «Үздік аттестат» иегері атағын дәлелдеді. Ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша орта балл 91,86. ҰБТ қорытындысы бойынша қаладағы ҰБТ тапсырған 53 мектептің арасында 8-ші орынды иелендік. ҰБТ тапсырған 19 оқушының 9-ы мемлекеттік гранттың иегері болды.

   Өткен оқу жылында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамсызданған, көп балалы және ата-ана қамқорлығыныз қалған оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында қалалық білім бөлімінен «Болашақ» жазғы  сауықтыру лагеріне-30,ал «Рауан» жазғы сауықтыру лагеріне – 25 жолдама бөлініп берілді.

   Мектепте сырттан келіп оқитын оқушыларға тегін тасымал ұйымдастырылған. Қызыл-Абад, ПМС, Казарма және «Химик» елді мекендерінен барлығы 202 оқушы тасымалданады.

   2018-2019 оқу жылында мектепке  1-11 сынып аралығында 29 сынып ашылды, ондағы оқушылардың саны – 646.

   Биылғы оқу жылының ерекшелігі жаратылыстану бағытындағы «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері ағылшын тілінде жүргізілуде және де осы оқу жылынан бастап қағаз сынып журналдары алынып тасталып, оның орнына «Күнделік» электронды журналы енгізілді.

   Оқу жылының басында «Мектепке жол» акциясы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасының басшысы Бердияров Оспан Ағабекұлының ұйымдастыруымен 20 оқушының 8-не 20000 (жиырма мың) теңгеден қаржылай көмек көрсетілді және Облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Асабаев Айдос Құттыбайұлының ұйымдастыруымен 3 оқушыға мектеп формасы мен спорттық киімдер алынып берілді. Мектеп ұжымы тарапынан 70000 (жетпіс мың) тнңге жиналып, 17 оқушыға спорттық киімдер, қою көк түсті жемпірлер, кроссовкилер, сумка және мектеп формалары алынып берілді.

   Қалалық білім бөлімінің 2018 жылдың 3 қыркүйектегі №1142/1 «Мектеп жасындағы балаларды мектепте тегін ыстық тамақпен толық қамтамасыз ету мәселесін ұйымдастыру» бұйрығын басшылыққа ала отырып, биылғы оқу жылының басында аз қамсыздандырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін оқушылар анықталып, 1-9 сынып аралығында 154 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. 154 оқушының ата-аналарының өтініштері және құжаттары толықтай жиналған. Мектеп асханасы жұмысының, балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын бақылау мақсатында брокераж және мониторинг комиссиялары құрылды.

    Сөз соңында мектеп директоры: мектеп ғимараты толық ағымдағы жөндеуден өтті, жылу жүйесіне тексеру жүргізіліп, үстіміздегі жылдың 13 қазанынан бастап мектепке жылу берілді. Алдағы уақытта мектеп ұжымы өскелең ұрпаққа терең білім, тәлімді тәрбие беруде ізденіп жұмыс жасайды деп өз сөзін аяқтады.

 

Тыңдалды: Н.К. Рысбаев – мектеп инспекторы:

  

   Бірінші кезекте мектеп инспекторы өзін қамқоршылық кеңес алдында таныстырып өтті. Келесі кезекте өзінің мақсатымен міндетіне тоқталды. Сонымен бірге  

мектептегі тәртіп пен оқушылардың сабақтан қалмауы мәселесін көтеріп, алдағы уақытта осы бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін атап өтті.   

 

 

Шешімі:

 

  1. Мектеп директорының 2017-2018 оқу жылында жасалған оқу-тәрбие жұмыстары бойынша қамқоршылық кеңеске берген есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы: Джуманова Қ.Ж.

 

Қамқоршылық кеңестің мүшелері: Аккулиев М.М.

Баймұханова Қ.С.

Казбекова А.Ж.

Касенова Б.М.

Нарбекова Р.М.

Малгаздарова Б.К.

Миралиева М.Р.

Орынтаев Ж.А.

 

 

 

 




Вернуться назад