"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы» КММ
080004 Тараз қаласы, Аса мөлтек ауданы, тел: 54-34-89 asa49@ mail.ru
ХАТТАМА
- 10.2018 ж .
Төраға Жумадилова Д.
Хатшы Момынжанова Т.
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері -5,
Мектеп әкімшілігі -10.
Күн тәртібінде:
Мектеп –гимназия директоры Д.Жумадилованың қамқоршылық кеңес
мүшелерінің алдында есебі
Тыңдалды:
Мектеп –гимназия директоры Д. Жумадилова сөз алды:
Құрметті қамқоршылық кеңестің мүшелері және мектеп әкімшілігі, Тараз қалалық білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі №02 – 5067 хатының негізінде қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есеп беру жұмысын ұйымдастыруды тапсырған болатын.Осыған орай, мектептерде құрылған қамқоршылық кеңес мүшелерінің (ата-аналардың) алдында бекітілген кестеге сәйкес бүгін аталған жұмысты ұйымдастырып отырмыз. Мектеп –гимназия директоры мектеп –гимназияның базалық құрылымына тоқтала келе, мектеп ғимаратының 1991 жылы құрылғанын, сиымдылығының 1200 орынға арналғанын айтып өтті. 2018-2019 оқу жылының басында оқушы саны 1855 болғанын, жаңартылған білім мазмұнына сай мектеп оқушыларының екі ауысымдағы сабақ кестесіне тоқталды.
Дариға Мырзатайқызы сөзін Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия бойынша әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға берілген көмек туралы мәліметпен жалғастырды.
Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияда 1855 оқушы бар.
№49 мектеп-гимназияның әлеуметтік төлқұжаты бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығының негізінде 2018-2019 оқу жылында әлеуметтік жағдайы төмен 162 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Толыққанды жанұяда тұратын оқушылар саны-1642 (89%), толық емес жанұяда тұратын оқушылардың саны-213(11%), оның ішінде: анасы жоқ-19 оқушы, әкесі жоқ -231 оқушы. Жайсыз отбасы жоқ.
2017-2018 оқу жылында №49 мектеп-гимназиясында қамқорлыққа алынған балалардың саны – 9. Оның ішінде, патронат тәрбиесіндегі балалар – жоқ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 3, қорғаншылықтағы балалар – 6.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық мектеп жасындағы балалардың мектепке толықтай баруын қамту жайлы тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. 2017-2018 оқу жылында ТОО «Саяхат-99» ұжымы мектеп-гимназиядағы әлеуметтік жағдайы төмен 8 оқушыға 10 000 (он мың) теңге көлемінде мектеп формасын, оқу құралдарын, сөмкесін алып берді және «Экспресс-05» ұжымы әр оқушыға 5000 (бес мың) теңгеден 5 оқушыны оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Жалпы көрсетілген көмектің сомасы 133 000 теңге болды.
2018-2019 оқу жылында Смаилов Марат Райымбекович басқарып отырған МКК «Тараз-Су» ұжымы мектеп-гимназиядағы әлеуметтік жағдайы төмен әр оқушыға 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде 10 оқушыға мектеп формасын, оқу құралдарын, сөмкесін алып берді. Жалпы көрсетілген көмектің сомасы 200 000 теңге болды.
Әлеуметтік жағдайы төмен 110 оқушыға 2017-2018 оқу жылында сұраныс жіберіліп, қыстық сырт киім және аяқ киіммен қамтылды. Оның ішінде 62 оқушы ұл балаға, 48 оқушы қыз балаға берілді. Ұл балаға берілген сырт киімнің сомасы ( 1 оқушыға 2620 теңге) 162 440 теңге, аяқ киімнің сомасы (1 оқушыға 2340 теңге) 145 080 теңге. Қыз балаға берілген сырт киімнің сомасы (1 оқушыға 2590 теңге) 124 320 теңге, аяқ киімнің сомасы (1 оқушыға 2290 теңге) 109 920 теңге. Жалпы берілген қыстық сырт киім сомасы 286 760теңге мен аяқ киімнің сомасы 255 000 теңге болды. Жалпы көрсетілген көмектің сомасы 541,760 теңге болды.
2018 жылы әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды жазғы демалыс сауықтыру лагерімен қамтамасыз етіледі.
- Мектепішілік лагерьге 93 оқушы тегін қатысты.
- Сыртқы лагерьлерге: «Болашақ» лагеріне – 26 оқушы, «Рауан» лагеріне – 25 оқушы тегін жолдамамен қамтылды. Жолдама құны 42 000 теңгені құрайды. Жалпы көрсетілген көмектің сомасы 2 142 000 теңге болды. Келесі кезекте мектеп –гимназия директоры Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиядағы 2017-2018 оқу жылында тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды.Тәрбие жұмысының басым бағыттарына тоқтала отырып өткізілген іс –шараларға мағлұмат берді. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша барлығы 12 іс-шара, рухани адамгершілік бағыты бойынша атқарылған жұмыстар саны -11, ұлттық тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар саны -9, Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша атқарылған іс-шаралар -6. Сонымен қатар әр бағыт бойынша атқарылған жұмыстар слайд арқылы көрсетілді. Жыл сайын оқу жылының басында «Назар аудар, бағдаршам!» жолда жүру ережесін сақтау және жол-көлік жарақатының алдын-алу айлығы өтіледі. Айлық барысында 8 іс-шара өткізілді. Осыған орай мектеп–гимназияда 10 оқушыдан тұратын жас инспекторлар тобы құрылған.
Мектеп –гимназияда 9-11 сынып оқушыларынан құрылған «Жалын» өзін–өзі басқару ұйымының жұмыс істеу механизміне тоқталып, ұйым мүшелерінің мектептегі барлық іс–шараларға атсалысатындығы, оқушылар тарапынан айтылған ұсыныс,тілектерін саралай отырып әкімшілік жиналысқа қатысып ойларын ортаға салатындығы айтылып өтті.Ұйымдағы оқушы саны 12.
Сонымен қатар мектеп-гимназияда «Қыз Жібек» қыздар клубы жұмыс атқарады. Қыздар клубының жетекшісімен, педагог- психологтар және мектеп медбикесімен бірлескен түрде 4 қыздар жиналысы, 8 іс –шаралар атқарылды. №4 қалалық емхана қызметкерлерімен бірлескен түрде жас ерекшеліктеріне сай 6 дәріс өткізілді.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы мектеп –гимназияда қарқынды жұмыс атқаруда. Бірінші ауысымда аптасына 1 рет дүйсенбі күні, екінші ауысымда 3 рет дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері екінші сабақтан кейінгі үлкен үзілісте 10 минут кітап оқу үрдісі қалыптасқан. Ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен төртінші сабақтан кейінгі 15 минуттық үзілісте «Ағылшын тілінде сөйлесейік» деген тақырыпта ойындар, іс –шаралар өткізіліп отырады.
Қосымша білім беру жұмысына тоқталар болсақ: мектеп-гимназияда спорт бойынша волейбол, баскетбол, футбол, каратэ, шығармашылық бағыты бойынша драма, домбыра, би, ритмика, дебат үйірмесі сонымен қатар пәндік үйірмелер жұмыс атқарады. Барлық үйірмелер саны 22. Мектепішілік үйірмеге қатысатын оқушылар саны:
- шығармашылық үйірме 130 оқушы,
- спорттық үйірме 80 оқушы,
- пәндік үйірме 665 оқушы, барлығы 875 оқушы.
Жалпы мектептегі және мектептен тыс өтетін үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 68,5 %-ды құрайды. Барлық үйірмелер тегін жүргізіледі. 2017-2018 оқу жылында құқықтық білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шараларға тоқтала кетсек:
Құдайбергенов Дидар Сексенбайұлы, 2018 жылдың 10 ақпанында мектеп-гимназияға инспектор ретінде бекітілді. Қазіргі уақытта директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Г.Ходжаевамен бірлесіп атқарған жұмыстарына тоқтала кетсек:
Құқықтық білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген ата-аналар жиналыстарының саны -3.
1.2017 жылдың 22 қарашасы күні қалалық білім бөлімінің әдіскері Қ.Амирбекованың қатысуымен өткізілген ата-аналар жиналысы.
2.2018 жылдың 19-21 ақпаны күндері мектеп инспекторы Д.Құдайбергеновтың қатысуымен өткізілген ата-аналар жиналысы.
3.2018 жылдың 26 ақпаны күні қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қ.Жинақбаеваның, Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының бастығы Қ.Ж.Қалжановтың қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жамбыл облыстық наркологиялық орталығының мектепке бекітілген маманы А.Бөлекбаевамен бірлесе отырып 9 рет дәріс және дөңгелек үстел өткізіліп, мектеп-гимназия оқушыларының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары зерделеніп, әрбір оқушы туралы жеке мәліметтер жинақталды. 2017-2018 оқу жылында мектепте қалалық кәмелетке жасы толмағандар бөлімінде - 1 оқушы, мектепішілік есепте - 4 оқушы, «қауіпті топ» есебінде - 2 оқушы тұрды. Жергілікті полиция бөлімі қызметі және мектеп инспекторымен бірлесіп 9 іс-шара өткізілді. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жыл басында жоспар жасалынды. Жоспар бойынша 7 іс-шара атқарылды.
2017-2018 оқу жылында мектеп контингенті 1915 оқушы болса, оның ішінде, сотталған, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ЦАН-да ұсталған оқушы және шырқы бұзылған жанұя болған жоқ. Қалалық полиция есебінде 1 оқушы (0,05%), мектепішілік «қауіпті топқа» 2 оқушы (0,1%), мектепішілік есепте 4 оқушы (0,2%).
Қалалық есепте тұрған және мектепішілік есепте тұрған оқушылардың барлығы 9 сыныптан кейін колледждерге оқуға түсулеріне байланысты есептен шықты. «Қауіпті топ» есебінде тұрған 8 сынып оқушылары тәртіптерінің түзелуіне байланысты есептен шығарылды. Мектеп –гимназиядағы ауқымды атқарылатын жұмыстардың бірі әдістемелік бағыты.
Мектеп – гимназияда 141 мұғалім жұмыс жасайды. Оның 135 мұғалімі жоғары,6 мұғалім арнаулы орта білім, 4 мұғалім магистрант, 2 мұғалім зейнеткер жасында. Жоғары санатты – 56; І санатты – 33; ІІ санатты – 51мұғалім.
2017-2018 оқу жылында жаңа форматта біліктілік санатын көтеруге барлығы-47 мұғалім өтініш білдірді. Аттестациядан өткендер саны-26 педагог, оның ішінде: педагог-зерттеуші - 7, педагог-сарапшы-12, педагог-мадератор-7 мұғалім.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін мектеп-гимназияда жүргізілген жұмыстар: Мектепішілік семинарлар саны - 9, коучингтер саны - 8, қалалық семинарлар саны - 4, кәсіби байқау жеңімпаздарының саны - 44, авторлық оқу байқауы жеңімпаздарының саны – 7.
«Дарын» Республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздарының саны – 8. Атап айтар болсақ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Асильбекова Гүлфайраз Узенбековна шәкіртінің құнды, тағлымы мол ғылыми жобасына жетекшілік еткені үшін ЮНЕСКО-ның Бүкіл Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы үздіктер тізіміне еніп, алғыс хатпен марапатталды. Математика пәнінің мұғалімі Мұратбаев Айбек Орал қаласындағы математика мұғалімдерге арналған республикалық “Математика регата” олимпиадасынан ІІ орын, Алматы қаласында өткен халықаралық олимпиадасының ІІІ орын иегері, математика пәнінің мұғалімдері Шаханова Зулфия, Қайырбай Сұлтанғазы математика пәні мұғалімдері арасында өткен облыстық шығармашылық байқауының ІІ орын иегерлері, еңбек пәнінің мұғалімі Жүнісов Талғат қалалық пән мұғалімдері арасында өткен “Үздік ашық сабақ” байқауының ІІ орын иегері атанды.
Оқушылардың 2017-2018 оқу жылындағы ғылыми жоба жарысына қатысу көрсеткіштері:
Қалалық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздар саны-7, оның ішінде 1- І орын, 2- ІІ орын және 1- ІІІ орын, алғыс хат-3;
- Облыстық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздар саны-2, оның ішінде 1- І орын, 1- ІІ орын;
- Республикалық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздар саны-1, оның ішінде 1- ІІІ орын.
Оқушылардың 2017-2018 оқу жылындағы қалалық олимпиадаға қатысу көрсеткіштері:
Қалалық олимпиада жеңімпаздар саны-9, оның ішінде 1- І орын, 5- ІІ орын және 2- ІІІ орын, алғыс хат-1.
Интернет олимпиада жүлдегерлерінің жалпы саны- 497
- «Ақбота» интеллектуалдық марофоны- 116;
- Кенгуру–математика баршаға» халықаралық интеллектуалдық конкурс- 36;
- NIO Ұлттық Интернет олимпиадасы – 41;
- «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қашықтық олимпиадасы – 94;
- «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасы – 129;
- Русский медвежонок - языкознание для всех» халықаралық байқау - 23;
- British Buldog» халықаралық конкурсынан – 28;
«Золотое руно» халықаралық конкурсы – 30
Оқушылар арасында кәсіби байқау жеңімпаздарының жалпы саны-152
Қалалық кәсіби байқаужеңімпаздарының саны – 77, облыстық кәсіби байқау жүлдегерлерінің саны – 42, республикалық кәсіби байқау жүлдегерлері – 29 және халықаралық кәсіби байқау жеңіпаздарының саны – 4
2017-2018 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектер
2017-2018 оқу жылында барлығы 81 оқушы мектеп бітірді. Алтын белгі иегерлері-2, Жазықбаева Жасмин, Ғалиқызы Айсана.
Оқу жылы ішінде грант иегерлері-6, Олар: 11-сынып оқушысы Орынбасар Алуа Алматы қаласы Халықаралық бизнес университетінің І дәрежелі оқу грантының иегері, 11- сынып оқушысы Құрманалы Назерке Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде өткен математикалық олимпиядасының ІІІ орын жеңімпазы және оқу төлем ақысы бойынша 25% жеңілдік иегері, 11 сынып оқушысы Құдашбекова Мереке Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырған информатика пәнінен пәндік олимпиадасының ІІІ орын жеңімпазы, 11 «А» сынып оқушысы Күзембаева Жанар Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырған информатика пәнінен пәндік олимпиадасының І орын жеңімпазы және грант иегері. Жоғарғы оқу орнына түскендер саны-76. Мемлекеттік грант иегерлер саны 41 түлек.
(Толық баяндама мәтіні слайдтармен қоса тіркелді.)
Баяндамашыға айтылған тілектер:
1.Мектеп –гимназиядағы атқарылған жұмыстардың өз дәрежесінде өтіліп отыруы мектеп басшының дұрыс бағыт –бағдарының ықпалы екені айқын сезіледі.
2.Мектеп ұжымының ұстаздарына, оқушыларына шығармашылық табыс, мектеп –гимназия мәртебесінің жоғары көтеріліп,биіктерден көріне беруіне тіліктеспіз.
Шешім қабылдады:
- Мектеп–гимназия директоры Д. Жумадилованың есебі жақсы деп танылсын.
- Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеппен тығыз байланыста бола отырып, оқу тәрбие үрдісінде атқарылатын іс–шара, дөңгелек үстел, кездесулерге, жиындарға атсалыссын.
Төраға Д.Жумадилова
Хатшы Т.Момынжанова
Вернуться назад