"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясындағы қамқоршылық кеңесі жиналысының
Хаттамасы №6
Күні: 20.09.18ж
Болған уақыты: 17-00
Қатысқандар: қамқоршылық кеңесінің мүшелері және ата-ана комитетінің төрайымдары.
Қатыспағандар: Нуралиева Индира, Абдрамбаев Бақтияр.
Күн тәртібінде:
- Гимназия директорының 2017-2018 оқу жылына қамқоршылық кеңес алдындағы есебі.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша гимназия гимназия директоры Шортанбекова Фарида Советбекқызы сөз алып, Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басқанын, Қазақстанның мектептік білім беруі жаңа бастау алу сатысында, инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты мақсат екенін айтып өтті.
Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы былтырғы 2017-2018 оқу жылын 1861 оқушымен бастап, оқу жылын 1855 оқушымен аяқтады. Жаңа оқу жылы 1937 оқушымен 67 сынып ұйымдастырып бастап отыр. Гимназияда 137 мұғалім, оның 79-ы, яғни 57,6 пайызы жоғары және І санатты мұғалімдер, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,5 пайызға артқандығын айтты.
Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы 3 қола медаль жетістігімен 100 ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ МЕКТЕП тізімінде 72-ші орынды иеленгендігін де айта кетті.
Биылғы оқу жылы 1 – 11 – сыныптарда оқушылардың білім сапасы 73,9%, оқу үлгерімі 100% көрсетеді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016жылғы 28 қаңтардағы №94бұйрығымен «Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларына сәйкес 4-сыныптардың 207, 9 - сыныптардан 100 оқушы ОЖСБ – ға қатысып, 4 – сыныптар межелі 30 – дан 25,6 орта балл, 9 – сыныптар межелі 75 – тен 68,5 орта балл көрсетіп, білім сапасы 4 – сыныптарда 85,3%, 9 – сыныптар 91% білім сапасын,100% оқу үлгерімін көрсетті. ҰБТ-де 104,8 орта балл көрсетіп, қалада 1-орын, облыста 10-орында екенін айтты. Жалпы орта білім беру аттестатты 76 оқушы алды. Оның 76-і білім грантының конкурсына қатысты. 52 мектеп түлегі -68,4% республикамыздың жоғары оқу орындарына тегін оқу гранттарын жеңіп алды.
Жалпы гимназия оқушыларының 1225-і(жалпы оқушы санының 70%-ы) түрлі деңгейдегі, әр түрлі бағыттағы байқау, конкурстарда жүлделі орындардан көрінді. Оның ішінде 11-і республикалық, 23-і облыстық, 45-і қалалық, 1146-сы республикалық, интеллектуалды, шығармашылық қашықтық жарыстардан топ жарды. Оқушылардың көптеген жетістіктерге жетуіне байланысты 2017жылы қазан айында «Жетістіктер бұрышы» жабдықталды.
Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмысты жүргізуге әрине талантты ұстаздарымыз жетерлік. Соның ішінде биылғы оқу жылында республикалық байқаудан 42 ұстаз, облыстық байқаудан 6 ұстаз, қалалық байқаудан 5 ұстаз, қашықтық байқауларынан 72 ұстаз жүлделі тұғырлардан көрінді.
Оқушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру, сабақ үстінде жүзеге асатын тәрбие міндеттерін толықтыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында гимназияда 35 үйірме тұрақты жұмыс жасады. Үйірме жұмысы оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталып, оларды интеллектуалдық, шығармашылық және физиологиялық тұрғыда дамытуды көздейтіні мәлім. 21 сәуір күні Қалалық мәдениет үйінде Астананың 20 – жылдығына орай «Жасай бер,мәңгі Астана» тақырыбында үйірме жұмыстарының есеп беру концерті өткізілді,1000 аса оқушыларымыз өнерлерін үлкен сахнада көрсетті. Қалалық фестивальде І орын иеленді. Облыстық «Виртуалды мұражай» байқауына қатысып,32жылғы материалдар жинақталып мектеп сайтына орналастырылды. Нәтижесінде облыстық құрылған комиссияның шешімімен 1-орын иеленгендігін атап айтты.
2018-2019 оқу жылы 2-4-сыныптарға зерттеу, жобалау іс-әрекетінің негіздері курсы 737 оқушы қамтып, 23 мұғалім, 5-сыныптарға Основы проектной деятельности на русском языке курсы 209 оқушы қамтып,7 мұғалім, 6-сыныптарға Basies of project work (ағылшын тілінде жобалық жұмыс негіздері) курсы 218 оқушы қамтып,7 мұғалім, 9-сыныптарға физикадан жобалық жұмыстар негіздері курсы 105 оқушы қамтып,4 мұғалім, 7-сыныптарға информатикадан ақпараттық жобалар негіздері курсы 131оқушы қамтып,5мұғалім, 8-сыныптарға биологиядан жобалық жұмыстар негіздері курсы 132 оқушы қамтып, 5 мұғалім, 10-сыныптарға химиядан жобалық жұмыстар негіздері курсы 76 оқушы қамтып,3мұғалім курсты жүргізді, 11-сыныптарға географиядан жобалық жұмыстар негіздері курсы 78 оқушы қамтып,3 мұғалім курсты жүргізді.
«Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуы шарасы аясында 16 жасқа қараған шағында дүниеден озған гимназиямыздың оқушысы Аружан Тұрғанованың «Аружаннан аманат» авторлық кітабының тұсаукесері де өтті.
2017 жылдың 2 қазан күні гимназиямызда «Мәңгілік Ел» білім және тәрбие беру орталығы ашылды. «Рухани жаңғыру» кабинеті мен «Мәігілік Ел» орталығының ашылуын айта кетті.
Гимназия оқушыларының «100 кітап» оқу жобасы. Аталған жоба бойынша оқушыларымыз қазақ әдебиетінің 70 шығармасын қазақ тілінде, 20 шығарманы орыс тілінде және 10 шығарманы ағылшын тілінде оқып жатқандығын айтты.
Оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру және санитарлық-гигиеналық талаптарының орындалуы талапқа сай. Гимназиямызда 2018 жылы әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен 145 оқушы қамтылды. Биылғы оқу жылы 14оқушымен толығып, барлығы 159 оқушы тегін тамақтанатынын айта кетті.
Оқу-материалдық базаның жаңаруы туралы да сөз қозғады:
1.Балабақша дәліздеріне, №17, №12, №16, №14, №11 кабинеттеріне 720 кв.м линолеум төселді.
- №1 қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті күрделі жөндеу жасалып, «рухани жаңғыру» кабинеті болып жабдықталды.
- IT кабинеті ашылды.
- Бастауыш блоктағы перделер жаңартылды.
- 11-сынып ата-аналарынан музыкалық орталық сыйға тартылды. Таңертеңгілік жаттығу осы музыкалық центрмен музыкамен сүйемелденіп жүр.
- Балабақша ғимаратында үлкен мектептен шығарылған 4 бейнекамера қалпына келіп, орнатылды.
Сөз соңында гимназия директоры Шортанбекова Фарида Советбекқызы жаңа 2018-2019 оқу жылындағы міндеттерді атап айтты:
1.kundelik.kz бағдарламасына кіруімізге байланысты әр мұғалімнің жұмыс орнын компьютерлермен жабдықтау;
2.Оқушылардың оқу мотивациясын көтеріп, мұғалімдерге қол жетімді ресурстармен қамту үшін әр оқу кабинетін экрандармен жабдықтау
3.Гимназияның есімімен аталған Б.Момышұлының 110 жылдық мерейтойы жақындауына байланысты 2 қабаттағы фоеның стендтерін жаңарту.
- Үлгерімі төмен 7-8сыныптағы оқудағы мотивациясы төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізу.
- «Жобалық іс-әрекет арқылы оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы эксперименттік алаңы желтоқсан аяғында қорытындыланатын болады.
- IT кабинетін LEGO конструкторлармен жабдықтау.
Сөз алды:
- Утепбергенова Шарапат / ата-ана/: Құрметті Фарида Советбекқызы, ата-аналар! Сіздерді оқу жылының басталуымен және алдағы келе жатқан ұстаздар мерекесімен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. 2017-2018 оқу жылында көптеген жетістіктерге жеткен екенсіздер, алдағы 2018-2019 оқу жылында бұдан да биік белестерді бағындыра беріңіздер. Қамқоршылық кеңесі сіздерге ардайым көмектесіп тұруға дайын.
Шешім: Гимназия директоры Шортанбекова Фарида Советбекқызының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі назарға алынсын.
Медеуов Ж.
Абдрахманова А.
Токсабаева А.
Айтбаева Б.
Утепбергенова Шарапат
Момынов Нұрдаулет
Байгулина Лайла
Хатшы Нұрахмет Н.
Қамқоршылық кеңес төрағасы Медеуов Ж
Вернуться назад