DataLife Engine > Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында > "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

2018-2019 оқу жылында  ата-аналар қауымдастығы алдындағы (ашық баяндамалар) аудандық (қалалық), облыстық, республикалық Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

 

 

Өткізілетін күні:2.10.2018жыл

Өтетін орны: Мәжіліс залы

Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды:   №25 орта мектеп

Қоғамдық тыңдаулар өтетіні турал ақпарат жұртшылық назарына жеткізілді:  күнделік кz сайтының хабарландыру бетінде.

Қатысты: 1. Мектеп директоры -А.Абашова

  1. Қамқоршылық кеңес төрайымы -Е.Қосымбекова
  2. қамқоршылық кеңес мүшелері – 8
  3. Аумақтық инспектор, полиция капитаны- С.Т.Журмухамедов

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі

2018-2019 оқу жылындағы мектеп директорының  І тоқсан бойынша есебі.

Баяндама жасады: Мектеп директоры А.Абашова

Мектепті күзгі-қысқы  жылыту  маусымына дайындау үшін «Эксиллон-Энерджи» ЖШС-і ішкі жылу жүйелеріне тексеріс жүргізіп,  30.05.2018 жылы дайындық АКТ-ісін берді. Жылыту маусымының басталуына байланысты 9 қазанда  Тараз қаласы әкімінің өкімімен 2018 жылдың 10 қазанынан бастап мектепке жылу берілді. Мектеп ғимаратын суықтан, желден, жаңбырдан қорғау мақсатында сынып бөлмелері мен дәліздегі терезелердің саңылаулары бекітілді. Мектеп қысқы маусымға дайын. 2018-2019  оқу жылы  1-11 сынып оқушылары 454, МАД -34 оқушымен басталды, І тоқсан соңында 1 – 11 сыныптарда 445 оқушымен,  мектепалды даярлық тобы 36 тәрбиеленушімен аяқтады. 1 – 4 сыныптарда 216, 5 – 9 сыныптарда 206 оқушы, 10 – 11 сыныптарда 23 оқушы. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны 6. 2017 – 2018 оқу жылының І тоқсанында білім сапасы: 47%,   үлгерім  99,2% көрсетсе,  2017 – 2018 оқу жылының cоңында  білім сапасы: 51%, үлгерім  99,2% көрсетсе 2018 – 2019 оқу жылының І тоқсанында білім сапасы: 53,1%, үлгерім  99,2% көрсетті, себебі 6 «ә» сыныбында денсаулығына байланысты Алтаева Айым,  8 «Ә» сыныбында 1 оқушы  сабаққа себепсіз келмеуіне Рысбеков Эльман байланысты аттестатталмады. Өткен оқу жылының І тоқсанымен салыстырғанда  білім  сапасы – 6 %, жыл соңымен салыстырғанда – 2 %  өсті. Тәрбие бағытында да оқушыларымыз біршама жетістіктерге жетті. 11 «А» сынып оқушысы Есбергенова Арай  Италия мемлекетінде өткен  әлемдік Кигбоксингтен 3-орын қола жүлдегері атанды. 4 «Ә» сынып оқушысы Мусамат Айжан Қалалық «Тараз - тарихи мекенім» тақырыбындағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауының жеңімпазы. 30.10.2018 ж. күні қалалық мәдениет үйінде  «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты Форум барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс – шараларға белсене қатысқаны үшін мектеп көшбасшысы Н.Сейтбек Алғыс хатпен марапатталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген қалалық «Жас – Қыран» әскери – спорттық  ойынында «Қаруды жинау және бөлшектеу» кезеңі бойынша І орын, «Гранатты арақашықтыққа лақтыру» кезеңі бойынша І орын,  жалпы мектеп командасы жүлделі ІІ орын алды. Тараз қалалық  полиция бөлімімен, наркоорталықпен, спид орталығымен, салауатты өмір салты орталығымен бірлескен жоспары бекітіліп, сол бойынша оқушылар арасында   профилактикалық іс- шаралар жүргізілуе.  1-11 сынып жетекшілері сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын – алу,  құқықты насихаттау, зиянды заттардың алдын – алу іс – шаралары бойынша тәрбие сағаттары,  дөңгелек үстелдер жүргізіліп,  мектеп ережесін бұзған оқушылардың тәртібі  ата-аналарын шақырып, кеңес отырысында қаралды. Қазіргі таңда  полиция бөлімшесінде есепте тұрған оқушы жоқ, мектепішілік есепте  3 оқушы тұр.  Мектепішілік есепте тұрған оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектепішілік үйірмелерге, сыныптан тыс іс-шараларға қамтылды.

Жұртышылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

  1. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы-Э.Қосымбекова: Жаңа жыл мерекесін мектепте өткізілсе.

Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар:

  1. Мектеп директорының І тоқсан қорытындысы бойынша берген есебі қанағаттанарлық деп танылсын;
  2. Құқық қорғау органы өкілдерімен, тығыз байланыста болу, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру,ЖОНД ,ЖИТС, ЖОСӨСҚО орталықтарымен тығыз байланыста болу;
  3. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.

 

 

 

 

Қоғамдық тыңдаулар төрағасы:                                     Э.Қосымбекова

 

Қоғамдық тыңдаулар хатшысы:                                    М.Рахымжанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Вернуться назад