"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мекемесі
Хаттама № 1
№15 мектеп-гимназиясының директорының қамқоршылық кеңеске есеп беру жиналысы
Өткізілген уақыты: 29.09.2018ж.
Өткізілген орны: Директордың кабинеті
Қатысқандар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тилеукулова Г.М., қамқоршылық кеңес мүшелері-8
Күн тәртібінде: Мектеп директоры Рахима Бекетовна Булекбаеваның 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыс туралы есебі, 2018-2019 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарымен таныстыру. Қаралды: Күн тәртібіндегі мәселе төңірегінде мектеп директоры оқу жылына арналған мақсат, міндеттерімен таныстырды. Мектептің алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берілді. Бүгінгі таңда мектебімізде 730 бала білім алуда, оның 96-сы бірінші сынып оқушылары. 30 класс комплектісі бар. Мектебіміздің жетістігі ретінде мектеп түлектерінің ҰБТ-гі көрсеткен білім деңгейі. ҰБТ-ге қатысқан 32 түлектің барлығы да жоғары балл жинады.. ҰБт қорытындысы бойынша жалпы орташа балл 89,5 % өткен оқу жылымен салыстырғанда 12,4 % жоғары, Былтыр қала көлемінде 24 орын да болсақ, биыл қала бойынша мектептердің арасында 11 орынға көтерілдік. Үміт артқан екі «Алтын белгіміз» де ойдағыдай 125,127 балл алып өз «Алтын белгілерін» ақтады. «Алтын белгі» иегері-Тәттібаев Әділет пен Тоған Аружан. Осындай жұмыстың нәтижесінде ҰБТ тапсырған 32 мектеп бітірушілердің 16 түлегі мемлекеттік грант иегері атанып, жоғарғы оқу орындарына түсті. Мектебіміздің оқушылары қала, облыс , республика көлеміндегі байқауларға қатысып 101 жүлделі орынды иеленді. Биыл мектебімізде «Робототехника» курсы бойынша үйірме жұмыстары, «Физика, биология, информатика, химия» пәндері бойынша ағылшын тілінде таңдау сабақтары жүргізіледі. Білім ордасының қай-қайсысы да білікті маман- кадрлармен ерекшеленеді. Мектеп ұжымында 60 мұғалім жұмыс атқарады, оның 3 ҚР білім беру ісінің үздігі, 25 жоғары санатты, 11 бірінші санатты, 11 екінші санатты мұғалімдер. Кадр тұрақты. Барлық пән мұғалімдері жеткілікті. Мектептің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Оған мектебімізде құрылған «Қамқоршылық кеңестің» қосып жатқан үлесі өте зор. Сонымен қатар бірқатар ата-аналар өз тарапынан мектебімізге демеушілік көрсетті. Қамқоршылық кеңестің төрағасы Салыбекова Мансия Анимарбековна сөз алып, қамқоршылық кеңестің биылғы оқу жылына арналған жоспарымен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңес құрамы өзгеріссіз қалатындығын айтты.
Шешім: 1. Қамқоршылық кеңеспен мектеп тығыз байланыста болу. 2.Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру,тәрбиесі қиын балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жасау,бақылауға алу. |
Вернуться назад