"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №23 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ 23 ОРТА МЕКТЕП
Жалпы мектепішілік ата аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы № 1 « 16» қазан 2018 жыл
Жиналыс төрағасы: Ирматова Гүлмира Махамовна
Хатшысы: Тохабаева Гүлнұр Асқарқызы
Қатысқан қамқоршылық кеңес мүшелері саны: 9
Мектеп әкімшілігі: 5
КҮН ТӘРТІБІ
- Мектеп директоры Рысбаева Ардақ Абдрахимбаевнаның мектептің «Қамқоршылық кеңес» алдында есеп беруі.
- Әр түрлі мәселелер
Жиналысты мектептің «Қамқоршылық кеңес» төрайымы Ирматова Гулмира Махамовна сөз алды. Жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Сөз кезегін мектеп директоры Рысбаева Ардақ Абдрахимбаевнаға берді.
Мектеп директоры Рысбаева Ардақ Абдрахимбаевна баяндама жасап, 2017-2018 оқу жылын қорытындылай отырып, жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтті. Ол өз баяндамасында 2017-2018 оқу жылын 776 оқушымен аяқталғанын, білім сапасы 67%, үлгерім 100% екенін айтты. Үздік оқушылар саны -133, екпінділері -387.
9-сыныпты үздік үлгеріммен 5 оқушы аяқтады. Олар: Абдуманап Ақжан-9 «ә» сынып, Айдосова Аружан, Серғазы Дана 9»б» сыныбынан Жанарбеков Кантөре, Насирдинова Аида.
Жаз айларында мектепке 183 оқушы келді, оның 120-сы 1 сынып, 78-і даярлық сыныбына. Мектептен әртүрлі жағдайларға байланысты және 9,11 сынып бітірушілер 111 оқушы кетті.
512 оқушы қазақ тілінде оқиды, әр сыныптағы оқушылардың орташа толымдылығы 22-ні құрайды.
Орыс тілінде 336 оқушы, 14 сыныпта білім алуда. Сыныптың орташа толымдылығы 24 оқушыдан.
Мектепте 848 оқушы, 1-ден 11 сыныпқа дейін 36 сынып комплект. 10 «б» ,11 «а» сынып 14 оқушыдан. Оқушы саны 24-ке толған сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бөлінеді. 5-сыныптан дене тәрбиесі пәні бөлінеді. Технология мен көркем еңбек 5-пен 11-сынып арасында оқушы толымдылығымен қарамастан бөлінеді.
Биылғы оқу жылында 5 бірінші сыныпқа оқушы қабылданды,4-де 24 оқушыдан, біреуінде 15 оқушы (орыс сыныбы).
Оқушылардың мекен –жайлары ауысуына байланысты 6-сыныптың 1-і жабылды, қалған 2 сыныпта 28 және 31 оқушы отыр.
5-қыркүйектегі есеп бойынша 72 оқушыға контигент ұлғайды.
2017-2018 оқу жылындағы мектеп бітірген 11-сынып оқушыларының орналасуы.
2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепте 11-сыныпты 24 оқушы бітірді. Барлық оқушылар қорытынды аттестациядан өтіп, мектеп бітіргендіктері туралы куәліктерін алды. Жалпы 24 оқушының 12 оқушысы ҰБТ тапсырды, 2 оқушы ақылы ҰБТ-ге ,2 оқушы шет елге, 3 оқушы колледжеге тапсырды. Мектебімізге берілген меже орта балл-81, мектеп оқушылары 83,75 орта балл көрсетіп, қала бойынша 23-ші орынды иеленді.
Мектеп оқушыларының үйірмеге қамтылуы.
Мектептегі үйірме сабақтары оқушының салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға бағытталған. Мектепте 2 спорттық,1 шығармашылық және 13 пәндік үйірме жүргізіледі. Жалпы мектепішілік үйірмеге оқушылардың қатысуы-53,3% қамтылған.
Мектептен тыс үйірмеге 24,5% қатысады. Жалпы үйірмеге оқушылардың қамтылуы 77,8% құрайды.
Ұсыныстар:
1.Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауына, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруын қамқоршылық кеңес тарапынан қадағалау күшейтілсін.
2 . Қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру.
Төраға: Ирматова Г.М
Хатшы: Тохабаева Г.А
Вернуться назад