"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің» №20 орта мектепте «Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Тараз қаласы «28» тамыз 2018 жыл
Қатысқандар: ата-аналар, педагогтар
КҮН ТӘРТІБІ:
- Қамқоршылық кеңестің ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру.
- Қамқоршылық кеңестің мүшелерін сайлау және кеңес мүшелерінің қызметтік өкілеттіліктерін бекіту.
- Қамқоршылық кеңестің 2018-2019 оқу жылына атқарылатын жұмыс жоспарын бекіту.
Барысы: жиналысты мектеп директоры Г.Ш.Тулендиева сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылға №355 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары ережесімен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі мекемелеріне қолдау жасау мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылауды, ұйымның материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайтуды және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту, білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсетуге, мектептің жұртшылықпен тиімді қарым-қатынас жасауына, қаржыландырудың қосымша көздерін қарастыруға септігін тигізетіндігін айтып өтті.
Қамқоршылық кеңестің мүшелерінің міндеттері мен құқықтарына, оның қағидаларына тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрайымы Т.А.Чиркова Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер кіру керектігіне, олардың лауазымдық міндеттеріне тоқталды. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық Кеңестің мүшесі болуға ұсынылды. 6 сыныптардан – Ахметов Берик Жаңабаевич, 5 сыныптардан – Зайнутдинова Наталья Ивановна, 10 сыныптардан – Кучарова Айгуль Мураталиевна, 7 сыныптардан – Сабденбекова Анна Владимировна, 4 сыныптардан – Сарыбеков Жанибек Мадибекович, 11 сыныптардан – Чиркова Татьяна Александровна, - сыныптардан – Хадарина Оксана Алексеевна, Борисюк Оксана Валерьевна, Дембаева Зухра Маханқызы тағайындалды.
Шешімі:
- ҚР Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын таныстыру «қанағаттанарлық» деп танылсын.
- Қамқоршылық кеңес төрайымы Н.И.Зайнутдинова, хатшысы А.М.Кучарова болып бекітілсін.
- Қамқоршылық кеңестің жылдық жоспары бекітілсін.
№20 орта мектеп директоры: Г.Ш.Тулендиева
Қамқоршылық кеңестің төрайымы: Н.И.Зайнутдинова
Вернуться назад