"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл атындағы №5 мекеп-гимназиясы қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысының ХАТТАМАСЫ
Өткізілген уақыты: 13 қыркүйек 2018 жыл, сағат 16:00
Өткізілген орны: №5 мектеп-гимназиясы
Шақырылғандар: Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы №108/1 бұйрығымен бекітілген №5 мектеп-гимназиясы қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар комитетінің мүшелері.
Қатысқандар саны: 50
КҮН ТӘРТІБІ:
Мектеп-гимназия директорының Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
Баяндамашы: Төлеу С.Е.- мектеп-гимназия директоры Б
Баяндамашы:лім беру ұйымдары бойеспай
ТЫҢДАЛДЫ:л Төлеу С.Е.- мектеп-гимназия директоры
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2018 жылдың 3 тоқсанында Қамқоршылық кеңес отырысында мектеп-гимназия директорының есебі тыңдалды.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында мектептің материалдық базасын нығайтуға, оқушыларға заман талабына сай білім, тәрбие беру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылғандығын мәлімдеді.
Мектеп-гимназияның 1-3 сыныптарына арналған жұмыстық оқу жоспары ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде құрастырылған.
4,9,10-11 сыныптардың жұмыстық оқу жоспары ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
5-8 - сыныптарда жұмыстық оқу жоспары ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 ма-мырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізінде жаратылыстану бағытындағы информатика, биология, химия, физика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.
Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық, қозғалмалы бағыттағы өнерге икем-дағдыларын қалыптастыру мақсатында келесі үйірмелерге гимназия компоненті есебінен 1 сағаттан бөлініп берілді: «Балдәурен» би үйірмесіне, «Ырғақты би», «Айналайын», «Ақ ладья», «Жас математик», «Шебер қолдар», «Жас конструктор», «Дизайн және графика», «Көркем сөз», «Қызықты грамматика», «Балғын суретші» үйірмелеріне, «Зияткер» клубы, «Сырлы бояу» үйірмесіне. Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін 4-гимназия сыныптарына 1 сағаттан «Логикалық математика» таңдау курсы енгізілді.
5-9 сынып оқушыларының тіл және жаратылыстану ғылымдары туралы оқушылардың танымдық, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында «Сөйлеу мәдениетінің этикеті», «Экологияға кіріспе», «Жамбылтану», «Әдебиет теориясына кіріспе», «Табиғат танымы», «Қызықты биология», «Путешествие в древний мир», «История средневековых государств», «Сөз өнері» курстары берілді.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру мақсатында гимназия компонентінен «Вокал» ән үйірмесіне, «Дебат» танымдық пікірталас клубына, «Замандас» драма үйірмесіне, «Сөз мерген», «Жас қаламгер», «Тарихи таным», «Робототехника», «Жас қыран» патриоттық үйірмесі, «Бозінген», «Сахна этикеті» үйірмесіне, «Екі жақты ойын» волейбол үйірмесіне, «Шебер қолдар» үйірмесіне, «Жас биолог», «Жас сәулетші», «Жас журналист» үйірмелеріне сағат бөлінді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларына мектеп компоненті жүктемесі есебінен «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-сынып), «Алаштану» таңдау пәні енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған 79- қадамдағы білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО – ларда - ағылшын тілінде оқытуға кезең- кезеңмен көшуге ұсынылған тапсырмаларға байланысты 7-9 сыныптарда оқу жоспарының вариативті бөлігі арқылы физика, информатика, биология, химия салалары бойынша құрылған элективті курстар: «Биологиялық терминдер», «Информатика негіздері», «Физикалық шамалар» ағылшын тілінде жүргізіледі.
Мектептің жоғарғы сатысында оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында 10 «А,Б,Г», 11 «Ә,Б,Г» математика-информатика, математика-физика, химия-биология, математика–география, математика-биология бағдары бойынша жаратылыстану – математика бағытына келесі тақырыптардағы қолданбалы курстар енгізілді:
«FRONT-END» курсы, «Программалау тілдері», «Стандартты емес теңдеулер мен теңсіздіктерд шешу жолдары», «Математикалық логика», «Ықтималдықтар теориясы және комбинаторика элементтері», «Биохимия негіздері», «Биофизика негіздері», «Физикалық тәжірибелер курсы», «Биоэкологияға кіріспе», «Химия есептерін шешу жолдары», «Химия тұрмыста», «Қиындығы жоғары есептер шығару», «Электродинамика», «Жалпы гидрологияға кіріспе», «Медициналық экология негіздері», «Географиялық есептерді шешу практикумы», «Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу практикумы», «Сызықтық алгебра элементтері», «Биоэкологияға кіріспе», «Генетика және селекция негіздері», «Күрделі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу жолдары», «Адам генетикасы».
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы тарихи-лингвистикалық бағдарлы 10 «Ә, В», 11 «А,В» сыныптарында «Эссе жазудың теориясы мен практикасы», «Қазақстан құқығы», «Саясаттану негіздері», «Археология негіздері», «Этнография бойынша оқу практикумы», «Әдебиет теориясы», «Тарихи хронологиялар курсы», «Журналистика негіздері», тақырыптарындағы қолданбалы курстарының мазмұнымен жүзеге асырылады.Мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнде мектеп қабырғасында 2247 оқушы білім алуда. Оларға бүгінгі таңда 155 педагог білім беруде. Жоғарғы санатты 71, бірінші санатты 23, екінші санатты 35, санаты жоқ 26 ұстаз. 1 сыныптарға жаңа оқу жылында 235 оқушы, оның ішінде 4 гимназия сыныбына 100 оқушы, 4 жай сыныптарға 135 оқушы қабылданды.
Үйде оқытылатын оқушы саны 1. Ол 4 г сынып оқушысы Садиров Ариман.
2018-2019 оқу жылында барлық 1-11 сынып оқушылары оқулықпен қамтамасыз етілді. Тек, 4 сынып оқушыларына 37 оқулық, 11 сынып оқушыларына 24 оқулық қосымша қажет. Оқулықпен оқушылардың 97,3% толық қамтылған. Жетіспейтін оқулықтар мектепаралық алмасулар арқылы толықтырылады.
Мектептің материалдық-техникалық базасы барлық талаптарға сай жабдықталған. Мектепте 4 информатика сыныбы, 1 жаңа үлгідегі 15 дана компьютерлермен жарақталған электронды оқыту сыныбы, 2 өзін-өзі тану сыныбы, 51 оқу сыныбы және аспаз, тігін, темір, ағаш шеберханалары бар. 8 дана интерактивті тақта, 2 дана жылжымалы проэкторлық тақта бар. 200 оқушыға арналған 2 асхана, би залы, музей, жүзу бассейні, 2 спорт залы, сыйымдылығы 180 адамға арналған мәжіліс залы бар.
Білім мекемелеріндегі аз қамсыздандырылған отбасы балаларының қатарына жататын оқушыларды анықтау ережесін басшылыққа ала отырып, ақысыз ыстық тамақпен 49 оқушы күнделікті асханадан тегін тамақпен қаматамасыз етіледі. Жеке санаттар бойынша 2-санатқа-33 оқушы, 3-санатқа -3 оқушы, 5-санатқа -13 оқушы енгізілді.
2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша қалалық, облыстық, республикалық мұғалімдер арасында өткізілген байқаулардан 8 педагог жүлделі орындарды иеленді. Оның ішінде 3-і республикалық кәсіби байқау жеңімпаздары.
300 ге жуық оқушылар түрлі байқаулардың жеңімпаздары атанды. 3 оқушы республикалық, халықаралық ғылыми жоба, олимпиада байқауларынан жүлделі орындарды иеленді. 15 ке жуық оқушы «Білім инновация» лицейі, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары атанды.
Мектеп-гимназия 2017-2018 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша қала мектептері арасында 9 орынды иеленді.
- ҰБТ-ға қатысқан оқушы-113
- Орта балл- 90,2
- Ең жоғарғы балл-131 балл, Жали Аружан
- Шығармашылық емтихан тапсырған оқушылар саны-19
- 100 баллдан жоғары жинаған оқушы саны-32
- Шекті балды жинай алмаған оқушы саны-4
- Мемлекеттік грантты иеленген оқушы саны-55
- Ақылы бөлімге түскен оқушы саны-58
2018 жылы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы демалыс лагерінің 1-кезеңіне 210 оқушы ата-аналар есебінен, 15 оқушы тегін қамтылды, 2-кезеңіне 210 ата-ана есебінен, 14 оқушы тегін қамтылды. Мектеп жанындағы «Балдырған» лагерінде екі кезең бойынша 449 оқушы қамтылды. Лагерьдің 1-кезеңі -1 маусымнан 12 маусымға дейін, 2-кезеңі 13 маусымнан 23 маусымға дейін жұмыс атқарды. Қала сыртындағы демалыс сауықтыру «Болашақ» лагеріне -8, «Рауан» сауықтыру лагеріне -8 оқушыға тегін жолдама берілді. Оған аз қамтылған отбасылардағы және жетім, көп балалы отбасы балалары жіберілді.
Қалалық сапта жүріп, ән айту байқауында 10 сынып оқушылары жүлделі 1 орынды жеңіп алды.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында өткізілген «Виртуалды мектеп мұражайы» атты облыстық байқауының бас жүлдесін иеленді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық мектеп оқушылары арасында өткізілген «Жас экскурсия жүргізуші» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Жетекшісі: М.Тоқназарова.
Өткен оқу жылында мектеп оқушыларымен бірнеше рет «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында», «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында тарихи-танымдық сабақтар ұйымдастырылды.
Мектептің «Замандас» драма үйірмесінің жетекшісі ҚР халық әртісі Мәкен Рахымжанқызының ұйымдастыруымен Бақтияр Әбілдаевтың «Айша Бибі» драмасы мектеп сахнасында көрініс тапты. Драманы 9-10 сынып оқушылары сахналады. «Айша Бибі» драмасы ұлттық өнерді ұлықтап, рухани қазынаны түгендеген, тарихымызды, мәдениетімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде алар орны ерекше. Көріністі тамашалауға қамқоршылық кеңес төрағасы, аумақтық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ата-аналар мен оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.
Мектеп оқушыларынан құралған волейбол қыздар командасы облыстық байқауда 2 рет 2 орынды, қалалық жарыстарда 8 рет 1 орынды жеңіп алды. Жетекшісі дене тәрбиесінің мұғалімі Е.Қоспақов.
Эксперимент кабинеті жаңа үлгіде жабдықталып, 15 компьютер ағылшын тілінде оперциялық жүйеге кіргізілді. Эксперимент алаңында информатика, тарих, биология, химия, физика пәндері бойынша 19 сынып бекітілген. Оның ішінде 7 «А», 7 «Ә», 8 «А», 8 «Ә» сыныптары пилоттық жобада жұмыс жүргізеді. Бұл сыныптарға білім жетілдіру курстарынан өткен пән мұғалімдері дәріс береді. Мектепте «Ағылшын тілін үйрену» үйірмелері жұмыс жүргізеді. «Жалпы орта мектептердегі үштілді білім берудің ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қазіргі таңда эксперименттік бағытта 2 мұғалімнің авторлық бағдарламасы республикаға жолдама алды.
Қазіргі таңда 1-3, 5-8 сыныптар жаңартылған білім беру жүйесіне көшіріліп, қыркүйек айынан бастап электрондық күнделік пен журналға оқушылар мәліметтері енгізілуде.
Ата-аналардың қамқоршылық кеңесінің көмегімен төмендегідей жұмыстар атқарылды. Мектеп түлектеріне арналған стенд жасалды. Мектеп асханасына 5 терезе орнатылды, асхананың перделері жаңартылды. Мектеп әжетханалары оқшауланып, есіктер орнатылды. Көгалдандыру жұмыстарына қажетті құрал-саймандар алынды. Бассейндегі кәріз құбырлары ауыстырылды. Оқу жылының соңында олимпиада, өнер, спорт саласында жоғары нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларға материалдық көмектер және марапаттаулар жасалынды.
Мектеп кітапханасы басқа бөлмеге көшіріліп, жиһаздары жаңартылды. Өткен оқу жылында оқушылар арасында 4 рет спартакиада өткізіліп, оған демеуші ретінде мектеп түлектері мен ата-аналар атсалысты.
Мектеп дәлізіне 4 орындық алынды. Мұғалімдер бөлмесіне тақта орнатылды. Көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан 20 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары берілді. 3D форматында виртуалды мектеп мұражайы жасалынды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің ШЕШІМІ:
Мектеп-гимназия директоры С.Е.Төлеудің қамқоршылық кеңес алдындағы есебі негізге алынсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Сағынтаева Айткүл
Хатшы: Акилбаева Роза Тлеубаев Д.
Вернуться назад